Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет53/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы:
• Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған.
• Заңдылық пен өзара байланысты тез анықтайды.


51
• Ақпараттарды шұғыл өңдейді.
• Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.
• Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.
• Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.
• Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.
• Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды.
• Проблемаларды анықтайды және шешеді.
• Барлығына талдау жасайды.
Идеяларды тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды.
• Кең ауқымды білімді пайдалана алады.
• Пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақ қойып, жаңалық ашуға 
ұмтылады.
Креативті ойлаудың сипаттамасы:
• Ерекше идеяларды табады.
• Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.
Ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.
• Әзілшіл.
• Ерекше түсінік қалыптастырады.
• Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.
• Болашақты ойлағанды жақсы көреді.
• Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды.
• Көптеген идеяларды ойлап шығарады.
• Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын.
• Ерекше нәрселерді іздейді.
Ынталандыру сипаттамасы:
• Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады.
• Дербес.
• Мақсатқа ұмтылады және өзіне мақсат қояды.
• Міндеттерді шешуде дәйекті.
• Табанды және іспен бар ынтасымен шұғылданады.
• Өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім.
• Сенімді.
• Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.
Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:
• Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады.
• Құрбы-құрдастары құрметтейді.
• Басқалармен жылдам тіл табысады.
• Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.
• Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.
• Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады.
• Өзіне сенімді.
• Жаңа жағдайларға тез төселеді.
• Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді.
• Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан.
• Өзіне жауапкершілік алуға дайын.
• Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет