48
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің
орнына
сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген
дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға
емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге
қатысты эмоция да бо-
луы ықтимал).
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау;
болжамды
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық
болуға ұмтылу.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау;
балама жорамалдар мен
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық
көзқарастарға көңіл бөлу).
Достарыңызбен бөлісу: