Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет70/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы ең маңызды ақпарат 
оқудың танымдық теориясына байланысты шығар. Маргарет Дональдсон сияқты көптеген 
психологтар мен педагогтер Пиаженің дамыту мен оқудағы «кезеңдік тәсіліне» күмән тудыр-
ды, өйткені 1950-ші жылдары Пиаже идеясы әлі кеңінен таралмаған болатын. Неврология 
саласындағы соңғы зерттеулер көрсеткендей, балалар да ересектердікі сияқты неврологиялық 
құрылымдарға ие болатыны дәлелденген (Goswami and Bryant, 2010). Госвами мен Брайант ере-
сектер мен балалардың ойлауы арасындағы айырмашылықтар олардағы нейрофизиологиялық 
өзгерістер тұрғысынан емес, олардың тәжірибелеріндегі алшақтықта екенін түсіндіруге бо-
лады деп есептейді. Осы арқылы проблеманы шешу үшін әзірше оқушылар оқуға «дайын» 
болғанша күте тұру керек деген қалыптасқан пікірге деген сенімді шайқалтты.
Заманауи ойлау біз оқушылардың оқу тәжірибесін болжаулы даму кезеңдері аясын-
да шектемеуіміз керек деп санайды. Оның орнына біз барлық жастағы оқушыларды 
бай эксперименталдық және әлеуметтік ортамен қамтамасыз етуге тиістіміз. Оқушылар 
мұғалімдермен және басқа оқушылармен өзара әрекеттестікте жиі болатын орта олардың ЖА-
ДА-сына сәйкес оқуды қолдауға мүмкіндік береді. Оқудың танымдық теориясы балаларды оқу 
үдерісінің белсенді қатысушылары деп санайды, сонымен қатар оқу мен дамытуға арналған 


64
іс-шаралардың негізгі бөлігіне кішкентай балалар бастама жасауға тиісті деген пікірді 
ұстанады. Осы теорияны ұстанатын мектептер тиісті орта құра отырып, ерте жасқа арналған 
оқу бағдарламаларын дайындайды. Мұғалімдер мен ересектер балалармен еркін сөйлеседі, ал 
оқу бағдарламасына балалар тәжірибесін енгізу арқылы сабақтардың маңызы артқан.
Выготский танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын 
бәрінен бірінші етіп қояды. Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс-шаралар ақыл-
ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын көрсетті. 
Пиаженің танымдық өзгерістер балалар ересектердің емес, өздерінің құрбы-құдастарының 
идеяларымен және көзқарастарымен қарсы келіп қалған жағдайда орын алады деген бол-
жамынан бұл құбылыстың бірнеше түсініктемесін көруге болады. Аралас жастағы топ-
тар оқушыларға анағұрлым жақсы дамыған және нашарлау дамыған құрдастарымен өзара 
әрекет жасау үшін кең мүмкіндік береді, бұл олардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын 
дамытуға көмектеседі. Хоу мен Мерсер сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен онда болып 
жатқан әлеуметтік үдерістер жетістіктерге себепші болады деп есептейді: бұл ретте мұғалім 
сыныптағы жалғыз білім көзі емес, көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуын 
қолдайды деп көзделеді.
АҚШ-та жүргізілген шағын жинақталған мектеп сыныптарында оқытуды зерделеген зерт-
теулер мұғалімдерге жас ерекшеліктеріне қарай оқыту мен оқу проблемаларын шешудің же-
келеген тәсілдерін ұсынады. Авторлардың пікірі бойынша, бұл мұғалім үшін оқушылар жеке 
тұлға болып табылатын сыныптарда және мұғалімнің кәсіби ойы оқу бағдарламасына емес, 
оқушыларды оқыту үдерісіне бағытталған сыныптарда табысты шешімін табуға тиіс. Бұл 
жағдайда мұғалім әрбір оқушы үздіксіз, өмір бойы білім алады деп санайды және бұл кезде бар 
уақытын белгілі жастағы балалар үшін қандай бағдарламаның қолайлы екендігіне жұмсамай, 
оларға білім алу барысында қолдау көрсетуге тырысады. Аралас жастағы оқуды зерттеу әртүрлі 
жастағы оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда үдерістік тәсілдің қолайлы екендігін 
көрсетеді. Бұл мұғалімдердің әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне сәйкес қатыса алатын, барлық 
балаларды қамтитын ашық тапсырма, тәжірибе мен жоба өткізуін талап етеді. Әртүрлі жастағы 
табысты сыныптарда мұғалім оқытуды үйлестірушінің рөлін атқарады және «білім беруші» 
субъекті ретінде әрекет етпейді, қайта оқу үдерісін бағыттайды, толықтырады және қолдайды. 
Әрбір оқушының білім алуына көмек көрсету үшін олар оқушылардың жеке сұраныстарын, 
дамуы мен мүдделерін білуге тиіс. Яғни оқу үшін бағалау әртүрлі жастағыларды табысты 
оқытудың маңызды құралы болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі 
ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге 
бағытталуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат 
қосу керектігін анықтаған жағдайда кіші жастағы балалардың назарын аударуға болатынын 
атап өткен жөн. Метасананы оқыту жолдарының бірі – өз ойын анық баяндауға үйрету, оны 
сабақты жоспарлау кезінде және сыныптағы пікірталастар кезінде ескеру болып табылады. 
Міндет – лексиканы қалыптастыру, біз «Бүгін біз… туралы ойлаймыз», «Бұл сабақ… тура-
лы», «Не туралы ойладық?» деген сауалдарды ойбағдар ретінде ұсына отырып, біздің сабақ 
беруіміздің сипатын аша түсіп, балаларымыздың өзіндік ойлауы мен түсінігінің кемелденуіне 
көмектесуге тырысамыз. Пайдаланылған терминдерді түсіндірумен бірге балаларға сол тер-
миндерге өз сөздерімен анықтама беру міндетін де жүктеу керек.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін идеяларды тудыру барысында креативтілікке 
үнемі көңіл бөлінеді. Ересектердің көптеген идеяларды бағалай алмауының өзі балаларға көп 
идея өндіріп, өзін-өзі бағалаудың келесі кезеңіне ауысуына сеп болады. Идеяларды өндіру са-
пасы мәселесінің маңыздылығы балаларда өзін-өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей 
береді. Бұл жаста өзін-өзі бағалауға ерекше назар аудару қажет, сол үшін балалар өздерінің 
болжамдарын өндіру мен зерделеу, сондай-ақ осындай бағалау негізінде өз идеяларын қайта 
қарау мүмкіндіктерін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет