Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет85/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

80
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ
Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және 
оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі
 
Бұл тарауды «Сабақты зерттеу» нұсқаулығымен қатар оқыңыз. 
Қысқаша ақпарат
Сабақты зерттеу тәсілі сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 
тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда тәжірибені жақсарту және жетілдіру 
мақсатында пайда болған. Сабақты зерттеу тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары 
мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жер-
лерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық 
ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне 
ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде 
кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс 
Азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен 
тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексиялау 
тәжірибесі Сабақты зерттеу нысандарының бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған 
қарамастан, Сабақты зерттеу тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі 
қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Сабақты зерттеу 
мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы бірлескен тәсіл болып табылады 
және тәжірибедегі зерттеу түріндегі бірқатар циклдерді қамтиды. Сабақты зерттеу тәсілінде 
ең бастысы «зерттеу сабағы» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс 
барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді 
қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. 
Сабақты зерттеу тәсілінің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. 
Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер 
бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының 
оқуы туралы деректер жинауды көздейді.
Атап айтқанда, Сабақты зерттеу тәсілі тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып 
табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен 
білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда 
бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін 
басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін 
белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол 
жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. 
Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тар-
тылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне 
жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, 
тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Сабақты зерттеу тәсілінің тағы бір 
демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педа-
гог қауыммен кеңінен бөлісе алады. Жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және 
зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Сабақты зерттеу нәтижелері 
жүйелі түрде жарияланып тұрады. Сондай-ақ, сабақты зерттеу топтары әріптестеріне арнап 
оқытудың жаңа тәсілдерін немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұған 
қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшіліктің талқылауын ұйымдастырады. Жапония-


81
да Сабақты зерттеу тәсілі бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы 
құндылықтар жүйесі, сапалық көрсеткіштер және оқушылардың жеке қасиеттері тұрғысынан 
бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет