82
ДИАЛОГТІК ОҚУ
Кіріспе
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мер-
сер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арт-
тырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған
авторлардың зерттеулерінде ересектермен интербелсенді қарым-қатынас пен достарымен
бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі
айтылған. «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін,
өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын
оқыту әдістерін «диалогтік оқыту» деп атауға болады.
Тарихи шолу
1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің
маңызды екендігін тілге тиек еткен. Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму
әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен
араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды
ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен
қатар Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс
істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды
мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырма-
ларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе
қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны
оқытудың негізгі құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдай-
ды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің
рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныпта-
стары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл
болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында
қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ.
Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, тал-
дау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкин-
сон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы
диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |