Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет94/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Заманауи түсінік
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдар-
дан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Қазіргі білім 
беру жүйесіне бағалаудың екі нысаны да қажет. Айталық, оқуды бағалау жіктеу және есеп 
беру үшін өткізілетін болса, оқу үшін бағалау оқушылардың білім алуына көмектесетін оқыту 
үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау 
немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің 
функциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды 
бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне 
немесе болашағына ықпал етуі мүмкін болатын (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау 
үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың 
мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану 
кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске 
асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу 
үшін бағалау болып табылады.
Бағалаудың мәні
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы 
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін 
немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият 
бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сы-
ныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. 
Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен 
қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға 
негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді 
қамтиды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет