90
жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған
ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары
бақылануы керек. Басқаша айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай
білуі қажет.
Интерпретация
Интерпретация қызығушылық
тудыратын мәселелерге, мәселен,
ерекше дағдылар,
көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе
крите-
рий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі
ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде
мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттестікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді
шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға неме-
се түсіндіруге талпынуға болады немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға
болады, мысалы, баланың айтқан нәрсесі оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады.
Осыған байланысты Осыған байланысты
интерпретацияны кейде логикалық қорытынды
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: