93
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
Сұрақтың
тиімді
қойылуы
Оқушымен бірге
критерийлерді
талдау
Сыныптасын және
өзін-өзі
бағалау
Кері байланысты
қамтамасыз ету
18-сурет. Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту
Блэк пен Уильямның бастапқы зерттеулерінде сыныптың
«қара жәшік» сияқты техникалық
метафорасы қолданылған және сол арқылы
оқу үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі
жұмыс» ретінде белгілі болды (18-сурет). Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалауды
Реформалау Тобымен бірлесіп жүргізген зерттеулері бағалаудың көмегімен оқуды жақсарту
бір қарағанда қарапайым болып көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға
байланысты екенін көрсетті:
• Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну.
• Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі
бағалауға қатыстырады.
• Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
• Бағалаудың оқушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал
ететіндігін
мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
• Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай
алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: