Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
115
қолдану
ерекшеліктерін сөз еткенде, ең алды-
мен, екі фактіге, атап айтқанда, белгілі бір сөз-
дерді қолдануда автордың өзіндік позициясын,
мақсатын түсіну; автор бейнесінің ерекшелік-
теріне мән беру керектігін айтады [7, 56 б.].
Академик Р. Сыздық қазақ көркем әдебиеті-
нің проза саласындағы лексикалық нормаларды
танып-білуде бүгінгі таңда мынадай сәттерге
(объектілерге) назар аудару қажеттігін айтады:
1) диалектизмдердің (жергілікті
элементтер-
дің) жұмсалуы, яғни орыс тіл білімінде диалек-
тизация деп аталатын құбылыстың қазіргі қазақ
көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-қалпы,
өріс алу бағыты;
2) жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (об-
разды) сөздерді жұмсау тәсілі, фразеологизм-
дердің сөгілуі;
3) қарапайым, көне, сирек кездесетін сөздер-
дің жұмсалуы;
4) синонимдерді таңдау,
идеографиялық
және стильдік синонимдердің қолданысы;
5) лексикалық жаңа қолданыстардың орын
алуы (қажетсіз тұста жаңадан сөз жасау немесе
қажеті бар жерде ұсынылған жаңа қолданыстың
сәтті-сәтсіз болуы);
6) штамп сөздер мен тіркестерді қолдану,
сөздердің тіркесу аясын кеңіту арқылы сөз
мағыналарын жаңғырту;
7) лексикалық варианттардың қолданысы,
яғни морфологиялық, орфографиялық, семанти-
калық, генезистік т.б. жарыспалы элементтердің
дұрыс-бұрыс жұмсалуы;
8) белгілі бір
сөз тудырушы элементтердің
және синтаксистік тәсілдердің көркем әдебиет
тілінде активтенуі;
9) көркем әдеби тіл арқылы лексиканың
стильдік жіктерге (поэтизм, қарапайым сөздер,
канцеляризм т.т.) ажыратыла түсуі.
Былай деп тұжырым жасайды: «Сөз жоқ,
жалпы көпшілікке ортақ емес, қолдану аясы
шектеулі сөздер мен тұлға-тәсілдерді ешбір
себепсіз тоғытып
жұмсау принципінде әдеби
нормаға, оның ішінде ұлттық көркем сөз нор-
масына қайшы екендігі даусыз, бірақ текстіге
бейтаныс элементтердің қолданылу себептерін,
уәжді-уәжсіздігін, қажеттілік дәрежесін, лексика
қазынасын байыту мүмкіндігін т.т. жан-жақты
түгел есепке алған күнде ғана «иісі» диалек-
тизмнен қашудың
жөн еместігі және әңгіменің
бір ұшы жазушы шеберлігіне (автор идеясына
қызмет еттіре білу сипатына) тікелей қатысты
екендігі байқалады. Демек, бұл жерде норма
проблемасы стилистика мәселелерімен ұштас-
тырыла қаралуға тиіс.
Көркем әдебиет тілінде диалектизмдердің,
кәсіби сөздердің немесе басқа да тосын қол-
даныстардың
орын алуын сөз еткенде, оларды
әрдайым нормадан ауытқу, тіл мәдениетін бұзу
деп тануға болмайды. Бүгінгі қазақ көркем сөзі-
нің тіл мәдениетін сақтау дегенде, біздіңше, ең
алдымен сөзді дәл қолданбау,
яғни сөзді ор-
нымен дұрыс жұмсай алмау, қажетсіз кірме
сөздерді енгізу, әдеби норма сыртында тұрған
элементтерді ешбір зәруліксіз текстіге енгізуді
айту керек» [2, 246 б.].
Ғалым тұжырымдарын негізге ала отырып,
көркем әдебиет тіліндегі жергілікті тіл ерек-
шеліктерінің
қолданылу сипатын сөз еткенде,
олардың мақсатты-мақсатсыз, уәжді-уәжсіз қол-
данылуына, шығармаға арқау болып отырған
негізгі тақырыпқа қатысына, жазушы немесе
кейіпкер тілінде берілу ерекшеліктеріне ерекше
мән бере қараған жөн.
__________________
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. Вопросы
казахского языкознания. – Алматы, 2000. – 621 б.
2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. –
272 б.
3. Қайдар Ә.Т. Сөз өнері дертпен тең//Қазақ әдебиеті,
1983, 29 июль.
4. Нұрмағамбетов Ә. Қазақ тілі говорларының батыс
тобы. – Алматы, 1978.
5. Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті
ерекшеліктер. – Алма-Ата: Ғылым, 1965. – 201 б.
6. Нұрдәулетова Б. XVIII-ХІХ
ғасырлардағы Маңғыстау
ақын-жырауларының тілдік ерекшеліктері: филол. ғыл.
канд. ... дисс. – Алматы, 1999. – 138 б.
7. Мұхамбетов Ж. Көркем мәтіндердегі диалектизм-
дердің этномәдени мәні: филол. ғыл. канд. ... дисс. –
Алматы, 2007. – 118 б.
* * *
В статье рассматриваются местные особенности языка,
колорит одной местности, который помогает увидеть
истину.
* * *
In the composition of local feature of language are applied
known color of one edge, where we can see truth of
composition.