Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет9/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
Музыкалық қаблет
Музыкалық қаблеттілік жеке тұлғаның музыкаға, ән-күйге
бейімділігі, оған деген жоғарығы көңіл-күйі, музыкалық есту қаблеті,
жады, ойлауы, музыкалық сұранысы, әр түрлі музыкалық-шығармашылық
қызметтерді игеріп, меңгеруді жоғары-сапалық нәтижесі болып табылады.
Б.М.Тепловтың пікірінші: «Музыкалық қаблеттіліктің ең басты
белгісі – музыканы кейбір бейнесі сөздердің мазмұнын түсінгендей сезіне
білу». 
Сондай-ақ, Б.М.Теплов мынаған баса көңіл аударады: «Музыканы
жан-жақты, жан-тәніңмен сезінуің үшін ең алдымен оның дыбыстық
жағын қабылдай білу керек», - дейді.
Зерттеуші музыкалық қаблеттіліктің бір-бірінен ажырамайтын,
бірінсіз екіншісінің мағынасы ашылмайтын эмоциялық және есту қаблеті
сияқты екі жағына баса назар аударады.
Қазіргі кезде музыкалық есту қаблетінің мынандай түрлері бар:
дыбыс биіктігі, аралық, әуезділік, үйлесімділік, көпүнділік
(полифонический), саздылық, ырғақтылық, бояулылық, әсерлілік,
фактуралық, құрылымдылық, вокалді, хорлы т.б.
Музыкалық есту қаблеттілігінің екі түрі бар: сыртқы есту және ішкі
есту қаблеттері.
Сыртқы есту – музыканың өзін тікелей қабылдау. Сыртқы есту,
негізінен, сезім компоненттерін жинақтап, даралау арқылы қабылдаудың ең
маңызды белгілерін ажырата отырып сезімдік әсерге сүйеніп іске асады.
Ішкі есту – музыканы, әуенді оймен елестету арқылы қабылдап,
дамиды. «Ішкі есту қаблетінің басты мақсаты – адам мен музыка
арасындағы үздіксіз қатынасты қолдау болып табылады», - дейді
12


М.С.Старчеус «Слух музыканта» деген еңбегінде. Яғни, бұл кезде адам тек
өзіне бұрыннан таныс әуенді ғана емес, сондай-ақ күрделі шығармаларды
да оймен қабылдап, ішкі әуенге салып елестете алады.
Музыкалық есту қаблеті жалпы музыкалық шығармашылықпен
айналысу кезінде, оны қабылдап, орындауды және музыкалық
шығармаларды өзі шығарып шабыттанғанда дамып қалыптасады. Аталған
аспектілердің барлығының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұлар бір-бірін
толықтыра отырып музыкалық есту қаблетін дамытуға әсер етеді.
Музыкалық қаблеттіліктің көрсеткіштері:
а) Сезім, жан-тәндік, ойлау т.б. құрылымдарды пайдалана отырып
музыкалық дауыс ырғағын қабылдау. Яғни, В.В.Медушевский сөзімен
айтқанда: «Өмірдің әуенін ырғақты түрде ойлап, есту керек».
ә) Дыбыс ырғағы қорын толықтырып байыту мақсатында оқушылар
оны тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылады.
б) Дыбыс ырғағын өзгерте білу (яғни, вальстен маршқа не полькаға
көшу сияқты ауыстырулар).
Музыкалық қызметтің басты феномені (ерекшелігі) – музыкалық
әуенді ойлау болып табылатыны белгілі, оны қалыптастырып дамыту көп
жағдайларда баланың музыкалық қабілетіне әсер етіп отырады.
Музыкалық ойлау психологиялық зерттеулерде нақты психологиялық
іс-әрекет ретінде қарастырылады. Осы арқылы тұлға музыкалық өнерге
бейімделеді. Сондықтан төмендегідей музыкалық ойлаудың қасиеттері
көрінеді:
1. Тұлғаның музыкалық туындыларды жетілдіру процесі.
2. Музыкамен қарым-қатынас жасағанда, оны өнердің бір түрі
ретінде қабылдайтын адамның ойлау тәсілінің қалыптасуы.
3. Адамның музыка арқылы қоршаған ортамен қатынасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет