Реферат дипломдық жұмыстың көлемі 48 бет; оның құрамы 18 сурет, 13 кесте, және 37 әдебиеттер тізімінен тұрады


 Газдарды тазалаудың биохимиялық әдістері



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата25.10.2022
өлшемі3.84 Mb.
#463321
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
КульджановаТ.Т.Өнеркәсіптік газ шығарындыларды каталитикалық әдіспен кәдеге жарату мүмкіндігін зерттеу.2019ж.

1.3.3 Газдарды тазалаудың биохимиялық әдістері 

Тазалаудың биохимиялық әдістері микроорганизмдердің әртүрлі 


қосылыстарды жою және түрлендіру қабілетіне негізделген. Заттардың 
ыдырауы тазартылған газдардың ортасында микроағзалармен өндірілетін 
ферменттердің әсерінен болады. Газ құрамының жиі өзгеруі кезінде 
микроағзалар жаңа ферменттерді өндіру үшін бейімделуге үлгермейді және 
зиянды қоспалардың бұзылу дәрежесі толық болмайды. Сондықтан 
биохимиялық жүйелер тұрақты құрамдағы газдарды тазалауға жарамды. 
Биохимиялық газ тазартуды биосүзгілерде немесе биоскрубберлердерде 
жүргізеді. Биосүзгілерде тазаланатын газды микроағзалардың тіршілік 


13
әрекетін қолдау үшін жеткілікті ылғалдылықты тудыратын сумен 
суландыратын саптама қабаты арқылы өткізеді. Саптаманың беті 
микроағзалардан биологиялық белсенді биотаспамен (БТ) жабылған [22]. 
БТ микроағзалары өзінің тіршілік ету үрдісінде газ ортасындағы 
заттарды сіңіреді және бұзады, соның нәтижесінде олардың массасының өсуі 
болады. Тазалау тиімділігі едәуір шамада БТ-да газ фазасының масса 
өткізгіштігімен және біркелкі анықталып, газ саптаманың қабатына бөлінеді. 
Мұндай сүзгілер, мысалы, ауаны дезодорациялау үшін қолданылады. Бұл 
жағдайда тазартылатын газ ағыны құрамында қоректік заттар бар суармалы 
сұйықтығы бар тура ағынды жағдайларда сүзіледі. Сүзгіштен кейін сұйықтық 
тұндырғыштарға түседі және одан әрі қайта суаруға беріледі. 
Қазіргі уақытта биосүзгілер шығатын газдарды аммиактан, фенолдан, 
крезолдан, формальдегидтен, бояу және кептіру желілерінің органикалық 
еріткіштерінен, күкіртті сутегіден, метилмеркаптаннан және басқа да күкірт 
органикалық қосылыстардан тазарту үшін пайдаланылады. 
Биохимиялық әдістердің кемшіліктеріне жатқызу керек: биохимиялық 
реакциялардың төмен жылдамдығы, бұл жабдықтың ауқымын арттырады; көп 
құрамды қоспаларды өңдеуді қиындататын микроағзалар штаммдарының 
ерекшелігі (жоғары таңдау); ауыспалы құрам қоспаларын өңдеудің еңбек 
сыйымдылығы [22]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет