Реферат дипломдық жұмыстың көлемі 48 бет; оның құрамы 18 сурет, 13 кесте, және 37 әдебиеттер тізімінен тұрады


 Газдарды тазалаудың адсорбциялық әдісі



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата25.10.2022
өлшемі3.84 Mb.
#463321
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
КульджановаТ.Т.Өнеркәсіптік газ шығарындыларды каталитикалық әдіспен кәдеге жарату мүмкіндігін зерттеу.2019ж.

1.3.1 Газдарды тазалаудың адсорбциялық әдісі 
 
Адсорбциялық әдіс әуе бассейнін ластанудан қорғаудың ең кең таралған 
құралдарының бірі болып табылады. Тек АҚШ-та ондаған мың адсорбциялық 
жүйелер енгізілді және табысты пайдаланылуда. Негізгі өнеркәсіптік 
адсорбенттерге белсендірілген көмір, күрделі оксидтер және импрегнирленген 
сорбенттер болып табылады. Белсендірілген көмір (БК) адсорбцияланатын 
қосылыстардың полярлы және полярлы емес молекулаларына бейтрап болып 
келеді. Ол көптеген басқа сорбенттерге қарағанда іріктелген. Белсендірілген 
көмірді, атап айтқанда, газды улы заттардан тазарту, еріткіштерді 
рекуперациялау және т. б. үшін қолданады [16]. 
Оксидті адсорбенттер (ОА) полярлық молекулаларға қатысты электр 
потенциалының өзіндік біртекті емес таралуына байланысты неғұрлым 
жоғары селективтілікке ие. Олардың кемшілігі ылғалдың қатысуы кезінде 
тиімділіктің төмендеуі болып табылады. ОА класына силикагельдер, 
синтетикалық цеолиттер, алюминий оксиді жатады. 
Адсорбциялық тазалау үрдістерін жүзеге асырудың келесі негізгі 
тәсілдерін атап өтуге болады: 
- адсорбциядан кейін десорбция жүргізеді және қайтадан пайдалану 
үшін ауланған компоненттерді алады. Мұндай тәсілмен жасанды талшықтар 
өндірісінде әртүрлі еріткіштер, күкірт көміртегін және басқа да қоспаларды 
ұстап алады. 
- адсорбциядан кейін зянды қоспалар кәдеге жаратылмайды, ал 
термиялық немесе каталитикалық түрде күйдіріледі. Бұл әдіс химиялық-
фармацевтикалық және лак-бояу кәсіпорындарының, тамақ өнеркәсібінің 
және басқа да бірқатар өндірістердің қалдық газдарын тазарту үшін 
қолданылады. Адсорбциялық тазартудың бұл түрі ластаушы заттардың және
көп компонентті ластағыштардың төмен концентрациясы кезінде 
экономикалық тұрғыдан ақталған. 
- тазалау үрдісі жүргеннен кейін адсорбент қалпына келтірілмейді, 
мысалы, қатты хемосорбирленген ластағышпен бірге көмуге немесе өртеуге 
ұшырайды. Бұл әдіс арзан адсорбенттерді қолдану кезінде жарамды [16]. 


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет