Реферат дипломдық жұмыстың көлемі 48 бет; оның құрамы 18 сурет, 13 кесте, және 37 әдебиеттер тізімінен тұрады


Өнеркәсіптік шығарындылардың қоршаған ортаға әсері



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата25.10.2022
өлшемі3.84 Mb.
#463321
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
КульджановаТ.Т.Өнеркәсіптік газ шығарындыларды каталитикалық әдіспен кәдеге жарату мүмкіндігін зерттеу.2019ж.

1.2 Өнеркәсіптік шығарындылардың қоршаған ортаға әсері 
 
Ауаның ластануы орман екпелерінің өсуінің бәсеңдеуіне, сапасының 
нашарлауына және ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігінің 
төмендеуіне, адамдар мен жануарлардың, жәндіктер мен өсімдіктердің 
ауруларына әкеледі, құрылыс материалдарының ыдырау және металдардың 
коррозиясы үрдістерінің жылдамдауына ықпал етеді. Өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың 
пайдаланылған 
газдарының 
және 
іштен 
жану 
қозғалтқышының жұмысы кезінде бөлінетін негізгі уытты компоненттер - 
көміртегі оксиді, азот оксиді, жанбаған көмірсутектер және күйіктер болып 
табылады [12]. 
Ауаның экологиялық жай-күйіне теріс әсердің негізгі себептері: 
- қалалар мен өнеркәсіп орталықтары (ластанудың стационарлық 
көздері); 
- автокөлік (ластанудың мобильді көздері); 
- зымыран және сынақ полигондары; 
- орман және дала өрттері; 
- өндіру орындарында газ және мұнай өнімдерін алау етіп жағу. 
Қазақстан 
Республикасындағы 
атмосфералық 
ауаны 
ең 
ірі 
ластаушыларға жылу энергетикасы, түсті металлургия, қара металлургия, 
сонымен қатар, мұнай-газ кешені кәсіпорындары жатады. 
Стационарлы көздерден атмосфераға шығарылатын ең көп таралған 
зиянды заттар 1-кестеде көрсетілген. 
Кесте 1 – Атмосфералық ауаны ластайтын стационарлық өнеркәсіптік 
көздерден шығатын ең көп таралған зиянды заттардың шығарындылары 
Шығарындылар 
1999 
2000 
2001 
2002 
Барлығы, мың т. 
2308,6 
2429,4 
2582,7 
2529,3 
Қатты заттар 
641,1 
668,5 
672,4 
673,4 
Газ тәріздес және сұйық заттар 
1667,5 
1760,9 
1910,3 
1855,9 
Күкірт диоксиді 
945,5 
1080,0 
1208,6 
1132,2 
Азот осидтері 
151,4 
161,7 
178,6 
176,1 
Көміртек оксидтері 
379,7 
390,7 
375,9 
377,6 
Аммиак 
6,9 
7,7 
3,9 
1,8 
Атмосфералық ауа-адамның негізгі тіршілік ету ортасының бірі және 
оның сапасына көбінесе адам ағзасының денсаулығы, физикалық даму 
деңгейі, репродуктивтік мүмкіндіктері, ауруларға бейімділігі және өмір сүру 
ұзақтығы байланысты болып келеді [12]. 


10
Өнеркәсіп пен автокөліктің зиянды уытты шығарындыларына алкандар, 
СО, NO
x
, органикалық еріткіштер, құрамында күкірт бар қосылыстар және т.б. 
жатады, олар адам денсаулығына теріс әсерін тигізеді. 
Алаудың қоршаған ортаға теріс әсері мұнай газының жану өнімдерімен 
- азот, күкірт, көміртек тотықтарымен, көмірсутектермен атмосфераның 
ластануына әкеп соқтырады. Топырақтың, өсімдіктердің, су қоймаларының 
ластануы, оттегіні үлкен тұтыну, жылу сәулесі, ілеспе мұнай газын жағу 
парникті әсердің күшеюіне ықпал етеді, қышқылдық шөгінділер мен 
климаттың өзгеруін тудырады. Кен орындарын игеру кезінде бөлінетін ілеспе 
газды кәдеге жарату проблемасы бұрыннан көтерілуде. Бірақ әлемдік 
дағдарыс жағдайында оны шешу өте қиын.
Ілеспе газды кәдеге жарату көптеген мәселелерді шешуге, атап айтқанда, 
әлемдік газ бағаларының өсу үрдістерін ескере отырып, экономикалық 
жағдайды жақсартуға әкелуі мүмкін. Себебі, өнеркәсіптік кәсіпорындардың 
шығарындыларын залалсыздандыру Қазақстан үшін жергілікті және өзекті 
мәселе болып табылады [12]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет