Реферат дипломдық жұмыстың көлемі 48 бет; оның құрамы 18 сурет, 13 кесте, және 37 әдебиеттер тізімінен тұрады


 Газдарды тазалаудың термиялық әдістері



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата25.10.2022
өлшемі3.84 Mb.
#463321
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
КульджановаТ.Т.Өнеркәсіптік газ шығарындыларды каталитикалық әдіспен кәдеге жарату мүмкіндігін зерттеу.2019ж.

1.3.2 Газдарды тазалаудың термиялық әдістері
 
Күйдіру әр түрлі зиянды заттарды, негізінен органикалық, іс жүзінде 
зиянсыз немесе аз зиянды, көбінесе СО
2
және Н
2
О термиялық тотығу жолымен 
газдарды залалсыздандыру әдісі болып табылады. Күйдіру термиялық 
әдістерін қолдану газдарды 99%-ға тазалауға қол жеткізуге мүмкіндік береді 
[17]. 
Термиялық залалсыздандырудың мүмкіндігі мен мақсаттылығын 
қараған кезде пайда болатын жану өнімдерінің сипатын ескеру қажет. 
Құрамында күкірт, галогендер, фосфор қосылыстары бар газдарды жағу 
өнімдері уыттылығы бойынша бастапқы газ шығарындысынан асып кетуі 
мүмкін. Бұл жағдайда қосымша тазалау қажет. Термиялық күйдіру құрамында 
уытты заттар бар газдарды залалсыздандыру кезінде өте тиімді органикалық 
қосылыстардың түрінде (күйе, көміртегі бөлшектері, ағаш шаңы және т.б.) 
[21]. 
Термиялық залалсыздандырудың орындылығын анықтайтын маңызды 
факторлары реакция аймағында жоғары температураны қамтамасыз ету үшін 
энергия 
(отын) 
шығындары, 
залалсыздандырылатын 
қоспалардың 
калориялылығы, тазартылған газдарды алдын ала қыздыру мүмкіндігі болып 
табылады. Жанатын қоспалардың концентрациясының артуы отын 
шығысының едәуір төмендеуіне алып келеді. Кейбір жағдайларда үрдіс 
автотермиялық режимде өтуі мүмкін, яғни жұмыс режимі зиянды 
қоспалардың терең тотығу реакциясының жылуы және қалдық 
залалсыздандырылған газдармен бастапқы қоспаны алдын ала қыздыру 
есебінен ғана ұсталады [18]. 
Термиялық жағуды пайдалану кезінде принципиалды қиындықты азот 
оксидтері, хлор, SO
2
және т.б. сияқты қайталама ластағыштардың пайда 
болуын тудырады [19-20]. 
Термиялық әдістер улы жанғыш қоспалардан шығатын газдарды тазарту 
үшін кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары жасалған күйдіру қондырғылары 
жинақылықпен және төмен энергия шығындарымен ерекшеленеді. Көп 
құрамдасты және тозаңданған қалдық газдардың шаңын күйдіру үшін 
термиялық әдістерді қолдану тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет