53
Зерттеушілер мотив туралы сөз қозғағанда, тарихи поэтиканың негізін салушы А.Н.
Веселов-
скийдің әйгілі «Историческая поэтика» еңбегіндегі мотив жайлы алғашқы пайымдауларын дәйім алға
тартады. Әдебиет теоретигі В.Е. Хализев: «Так, А.Н. Веселовский в своей незавершенной «Поэтике
сюжетов» говорил о мотиве как о простейшей, неделимой единице повествования, как о повто-
ряющейся схематической формуле, ложащейся в основу сюжетов (первоначально – мифа и сказки)»
/2,280/,- деп жазады. А. Н. Веселовскийдің бұндай мотивтерге сұлу қызды әлдекімнің алып қашуы,
оны күшпен немесе тапқырлықпен тауып алу, күнді әлдекімнің ұрлауы т.с.с. мысал етіп келтіргені
белгілі. Осындай мотивтердің әралуан тайпалар ортасында өздігінен туатынын айта келіп,
олардың
біркелкілігін немесе олардың ұқсастығын алмасумен түсіндіруге болмайтындығын, керісінше олар-
дың тұрмыс-тіршілік шарттары мен оларда қалыптасқан психикалық үдерістердің біртектілігімен
түсіндіру керектігін ескертеді. Сондай-ақ, ғалым мотивтің мынадай қарапайым формуласын
көрсетеді: « а+b: жауыз кемпірдің сұлу қызды жеккөруі – оған өмірге қауіпті тапсырма беруі» . Осы
формуланың әр бөлігінің түрін өзгертуге, әсіресе b-ның өсуге қабілетті екенін дәлелмен көрсетеді.
А.Н. Веселовскийдің тұжырымдауынша, мотив өсіп, ұлғайып,
сюжетке айналады, сюжет мотивтер
жиынтығы болып табылады./3, 301/. Бұл айтылғандардан ғалымның мотивті сюжетпен тығыз
байланыста қарастырғанын түсінуге болады. Мотив те, сюжет те тарих айналымына енеді: бұл
ұлғайып отыратын идеялық мазмұнды беру формалары. Осы талапқа жауап бере отырып, сюжеттер
вариацияланады: сюжетке бірнеше мотивтер кірігеді, немесе сюжеттер бір-бірімен тоғысады./3, 305/.
Мотивтер, Веселовскийше, тарихи тұрақты және шексіз қайталанып отырады./3,281/ Түптеп келген-
де, мотив сюжетпен тығыз байланысты, сюжет мотивтер жиынтығы болып табылады. В. Я. Пропп та
мотивті сюжеттік сарындармен байланыста қарастырады
Әлем әдебиеттануында мотивтің мәні қаншалықты кең болса, ол жөнінде қалыптасқан теориялық
тұжырымдар да соншалық қайшылықты деуге болады. А.Н. Веселовкий тұжырымдарына
О.М. Фрейденберг, В. Томашевский, В.Я. Пропп сияқты ғалымдардың сын көзбен қарағанына көз
жеткізуге болады. /3,400-401/
Көрнекті орыс ғалымы М. Бахтин «Эстетика словесного творчества» (1986) деген
еңбегінде
сюжет пен мотивтерді көркемдік сипатта байланыстырып, маскарадтық мотивтер табиғатын ашып
береді./4/ Маскарадтық мотивтер өзін-өзі таныту әлеміне құрылады.
Шетелдік ғалымдар Р.Уэллек, О. Уоррен «Теория литературы» еңбегінде : «Мотив – қайталанып
отыратын сөз, сөз тіркесі, оқиға, зат және идея. Көбінесе, мотив термині әдеби шығармаларда
қайталанып кездесіп отыратын оқиғаларды білдіру үшін қолданылады. Мысалы, кедейдің кенеттен
байып кетуі»(5,230). Ал, «Аналитика художественного» (2001) деген еңбегінде мотивті шығарма
фабуласының
элементі ретінде қарастырады, фабуланы барлық мотивтер жиынтығы деп пайымдай-
ды. Белгілі орыс ғалымдары В. И. Тюпа мен Е. К. Ромодановская: «Мотив - это прежде всего повтор.
Но повтор не лексический, а функционально-семантический»,-деп жазады./6,15/ Б. В. Томашевский,
Р.Уэллек, О. Уоррен мотив пен лейтмотивтің («лейтмотив» неміс термині – жетекші мотив деген
мағынаны білдіреді) тығыз байланыстылығын ескертеді. Лейтмотив деп бір шығарма ішіндегі
қайталауды айтуға болады. Ол мәтіннің қандайда бір компонентін күшейтуге қызмет етеді.
Мотив терминіне әйгілі орыс ғалымы Б. М. Гаспаров: «В роли мотива может выступать любой
феномен, любое смысловое "пятно" – событие, черта характера, элемент ландшафта, любой предмет,
произнесенное слово, краска, звук и т. д.; единственное, что определяет мотив – это его репродукция
в тексте», - деп кеңінен анықтама береді /7, 30/. Ғалым мотивтің мәтін өріліміндегі «қозғалмалы
компонент» екенін және оның тек басқа компоненттермен тоғысу үдерісінде өмір сүретінін, оның
ерекшеліктері әр жолы қайтадан өсіп отыратынын, өзін-өзі талдау үдерісінде және әрбір жаңа қадам
сайын, жалпы мағыналық өрілімнің әрбір өзгерісі сайын түрленетінін айрықша айтады./7,301/
Жалпы, мотивтің ең басты сипаты оның бір немесе бірнеше шығармада, жеке шығармашылықта
қайталанып отыратындығы. Зерттеуші Н. Е. Меднис: «Мотив, при его огромной эстетической и
семантической значимости в художественном тексте, не имеет собственной очерченной телесной
оболочки. Он являет собой нечто вроде души, которая в конкретном тексте может обретать
сюжетное, временное, пространственное или какое-то иное воплощение, не замыкая себя при этом в
жестко обозначенных границах»,-деп атап көрсетеді./8,79/ Анығында,
ғалым мотивке сюжетке
қатысты анықтама береді. Қорыта келгенде, мотив сюжет құраудың негізі, композиция түзуде
белсенді қызмет атқарады, мотив оқиға барысымен, кейіпкер әрекеттерімен, сезім құбылыстарымен,
салт нұсқаларымен тығыз байланысты.
Егер мотивті көбіне прозалық шығармаларға қатысты сөз еткен зерттеушілер пікіріне сүйенер
болсақ, сюжет элементі немесе нақты бір танымал дәстүрлі сюжет сипатында түсінуге болады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, мотив зат немесе дерексіз құбылысты білдіретін көбінесе
54
архетиптік, мәдени танымға және авторлық семаға ие символикалық мәні бар жеке сөз болуы да
мүмкін.
Мотивке анықтама беруде көбінесе прозалық шығармаларға қатысты тұжырымдарды қарастыр-
ғанымыз рас. Өйткені, поэзияға қатысты зерттеулер орыс әдебиетінде болмаса,
қазақ әдебиет-
тануында жоқтың қасы деуге болады. Дегенмен, көркем шығарманы мотивтік тұрғыда талдауға
байланысты тұжырымдардың әрқилылығы байқалады. Бұл мотив теориясының қалыптасып бол-
мағандығын, мотивке нақты анықтама берудің қиындығын көрсетеді.
Мәселен, поэзиядағы жалғыздық мотиві орыс әдебиетінде А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов пен
М. И. Цветаева лирикаларына қатысты зерттелгені белгілі. Жалғыздық мотиві Абайдан бергі
ақындардың бәрінде де ұшырасатынына күмән туғызуға болмайды. Бірақ, олардың мотивтік талдау
тұрғысынан зерттелмегені белгілі. Мысалы, әралуан ақындардың шығармашылық жүйесінің түйісу
тұстарын мотивтік талдау арқылы айқындау зерттеушілердің қызығушылығын туғызуға тиіс.
Біздіңше, жалғыздық мотиві қазақ лирикасына қатысты арнайы сөз болған емес. Егер бұл мәселені
қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаев лирикасы төңірегінде қарастырар болсақ, Мұқағали
лирикасының философиялық мазмұнынан адамның жатсырауы
мен жалғыздығы мәселесі, өмірдің
мәні, жақсылық пен жауыздықтың мәңгілік күресі, үндестік пен үйлесімсіздік мәселелері көрініс
берері анық.
Достарыңызбен бөлісу: