60
Бір күн болар қиямет.
Дұға қылып, қол жайғай
Мұны естіген әлеумет,-
деп ақырғы күннің Алла Тағаланың қалаған уақыты болатынын нақтылай түссе, енді бірде:
Сауысқан, ала қарға-құстың құлы,
Басталар ақырзаман жылқы жылы,-
деп қиямет күнінің болатын мезгіліне болжам жасайды. Әрине, ақынның ақырет күнінің уақытын
болжауы діни тұрғыдан қайшы. Дін ғұламалары қиямет күнінің жақындауы мен өткен белгілерін
Құран аяттарына немесе Мұхаммед (ғ.с) хадистеріне сүйене
отырып баяндағанымен, оның нақты
мерзімі Аллаға ғана аян. Дегенмен ақынның бұл тұжырымын
қателік деп айту қисынсыз, себебі
орыс отаршылдығы арқылы келген
әлеуметтік қайшылықтарды, ұлттық құндылықтарды мансұқ
еткен озбыр саясатты ақырзаман белігісі ретінде бағамдау зар
заман ақындарының шығармашы-
лығына тән. Бұл жөнінде ғалым Б.Омарұлы: «Зар заман поэзиясындағы ақырзамандық сарын екі
түрлі ыңғайда байқалады. Соның бірі - «заманақыр таянды, қауіп қатер жақындады» деп топшылау,
екіншісі – «зауал келді, нәубет басқа түсті, демек ақырзаман дегеніміз осы» деген түйін. Алғашқысы
болжал
өлеңдермен сабақтас, соңғысы - айналасындағы құбылыстардан жеріген ақындық көңіл
күйдің көрінісі» деген пікір білдіреді. Біз де
ғалым пікірін қуаттай отырып, ақын-жыраулардың
шариғаттың шырқы бұзылған уақыттағы ұрпақ болашағына деген
алаңдаушылығының бекер
болмағанын бағамдаймыз.
Қазақ әдебиетінің тарихында «кітаби ақындар» деген атпен танылған сөз зергерлерінің шығар-
маларында қиямет күніне қатысты тұжырымдар нақты Құран аяттары арқылы тәпсірленген.
Олардың туындыларында эмоциялық көңіл күйден гөрі, қиямет күнінің қандай сипатта болатыны
басымырақ сараланған. Құрандағы:
«Қиямет уақиғасы болған кезде, (1). Оның болуын өтірік
Достарыңызбен бөлісу: