Н. Е. Дабылтаева инвестицияны



Pdf көрінісі
бет16/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

атайды. Коомерциялық тиімділікті есептеу бүтіндей инвестициялық жоба 
бойынша жүргізіледі. Сол сияқты әркімнің,осы жобаға салған салымдық 
үлестерін ескере отырып, әрбір қатысушылар бойынша да осындай есептеу 
жүргізіледі. 
Бюджеттің тиімділік көрсеткіштеріне қатысты айтқан кезде, олардың 
инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы нәтижелері, яғни республикалық 
және жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығындары өздерінің көрінісін 
табулары керек. Қарастырылып отырған жобаны қаржылық қолдауды негіздеу 
кезінде қоданылатын тиімділіктің бұл түріндегі негізгі көрсеткіш келесідей 
формуламен анықталатын бюджеттік тиімділік (эффект) болып саналады: 
БЭt = Dt – Pt, бұл жерде: 
БЭt – сәйкес кезеңдегі (t) бюджеттік эффект; 
Dt – t кезеңіндегі табыс шамасы; 
Pt – t жылдағы шығындар. 
Бюджеттің тиімділік көрсеткішінің табыс жағын (Dt) есептеу кезінде, 
оған осы инвестициялық жобаны жүзеге асыруға жатқызылатын сәйкес бюджет 
түсімдерін қосу қажет болып табылады. Мұндай түсімдерге жерді,суды және 
басқа 
табиғи 
ресурстарды 
пайдаланғаны 
үшін 
төлемдер, 
барлау 
жұмыстарындағы 
тендерлік 
шараларды 
лицензиялаудан 
түсетін 
табыстар,құрылысты жобалау мен нысандарды пайдалануға беруден алатын 
табыстар,содан соң мемлекетке жататын және осы жобаны қаржыландыру 
мақсатымен арнаулы шығарылған құнды қағаздар бойынша төленетін 
дивиденттер, салықтық және ренталық төлемдік түсімдер,кедендік пошлиналар, 
өндірген өнім бойынша алынатын акциздер және т.б. жатады. 
Шығыс бөлігінің құрамына (Pt) осы жобаны тікелей қаржыландыруға 
бюджеттен бөлінген қаржылар, нарықтық бағаға үстемелер, бюджет есебінен 
орны толтыратын қарыз қаржылар (несиелер), бекітілген тәртіп бойынша
бюджеттен тыс төлемдердің қосылуыда тиісті болып саналады. 
Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары 
1. Күрделі салымның тиімділігін анықтайтын көрсеткіштердің формуласы 
қандай? 
2. Инвестициялық жобаны бағалау не үшін керек? 
3. Нормативтік бағалауды не үшін қолданады? 
4. Инвестициялық жобаны жасағанда және бағалағанда қандай әдістер 
қолданылады? 
5. Инвестицияның тиімділігін жіктеу не үшін жүргізіледі? 
6. Коммерциялық тиімділіктің мазмұнын көрсетіңіз. 


28 
7. Бюджеттік тиімділіктің ерекешелігі мен анықтау жолына түсінік бер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет