Н. Е. Дабылтаева инвестицияны



Pdf көрінісі
бет2/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

УДК
ББК 
 
 
 
 
ISBN
 



Кіріспе 
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы дамудың 
жаңа кезеңінде. «Қазақстан-2050» стратегиясында экономиканың дамуын 
тұрақтандыру және оның жыл сайынғы өсіп отыруын қамтамасыз ету, 
инновациялық және индустриалды экономиканы құру, оны басқару жүйелерін 
жетілдіру, экономика мамандығын кәсіби іс жүйесіне дайындау мәселелері 
көтеріліп, олардың шешу жолдары анықталған. Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жасаған жолдауларында 
еліміздің экономикасының стратегиялық дамуына ерекше көңіл бөліп
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық 
өсудің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала 
береді» - деп айтқан болатын. Іс жүзінде бұл міндетті орындауда экономиканың 
өсуін тұрақтандыру мен оны нығайтуда, қаржы-несиелеу механизмі маңызды
рөл атқарады және ол инвестициялық үдерістің тиімділігін көтеру көмегімен 
жүргізіледі. Бұл механизмді өте белсенді қолданудың арқасында еліміздің 
басымдылық экономикалық салалары дамыйды, модернизациялау, кеңейту, 
әлеуметтік инфраструктуралар мен өндірісті нығайту, ішкі және сыртқы 
тартылған инвестициялық қаржыландыруды мақсатты әрі тиімді пайдалануға 
қол жеткізіледі, сол сияқты материалдық және еңбек ресурстарын тиімді 
пайдалануға болады.
Қазақстанда жалпы мемлекеттік деңгейде инвестициялық қызмет 
бойынша бірқатар заң актілері қабылданды, оның ішінде: "Шетел 
инвестициясы туралы", "Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы", 
"Сырттан қарыз тарату және сыртқы борышты басқару туралы", "Құнды 
қағаздар туралы",т.б. заңдары бар. Тікелей инвестициялауды ынталандыру үшін 
оларды пайдалану мен тартуға, үйлестіру мен басқарудың мемлекеттік 
саясатын жүзеге асыруға орталық және атқарушы орган ретінде ҚР Мемлекттік 
Комитеті құрылды, кейін ол қайтадан Агенствоға өзгертілді. 
Жаңа талаптар мен нарық экономикасы дамыған елдердің іс- тәжірбиесін 
есепке ала отырып, бұл пәнде негізгі қорларды жаңадан салу, олардың жұмыс 
істеп тұрған өндірісін қайта құру, кеңейту және техникалық құралдарын 
жаңғырту, шығындарын қаржыландыру мен несиелеу жүйесі қарастырылады 
және нарықтық қатынастар жағдайында инвестициялық саясатты жүргізуде 
банктердің атқаратын рөлі мен олардың шешетін мәселелері көрініс алып 
түсіндіріледі. 
“Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру” курсы белгілі бір 
дәрежеде “Ақша, несие, банк” бойынша оқулық курсының жалғасы болып 
табылады. Инвестициялық үдерісті жүргізуге және ұйымдастыру ауқымындағы 
кәсіптік білім алулары үшін болашақ банкирлер мен мамандарға мақсатты 
теориялық және практикалық бағыт беретін қабылданған бағдарламалар бар. 
Сонымен бірге бұл оқулық құралы барлық жоғарғы оқу орындарында оқылатын 
және игерілетін экономикалық материалдармен тығыз байланыста тұратын 
бірқатар нарық факторларын есепке ала отырып, инвестициялық жобаларды 
бағалау мен негіздеулерді нақтылап жасау ісінде және белгілі бір білім 



алуға,сол сияқты оның тәсілдерін меңгеруге, бизнес-жоспар мен техникалық-
экономикалық негіздеме жасауға, тәуекелділік, белгісіздік, зиянсыздық, 
бәсекелестік сияқты және т.б. ұғымдарды меңгеруге көмектеседі.
Оқу құралының әр тақырыбының мазмұны қысқаша түсіндіріледі, ондағы 
категориялық аппараты қарапайым, түсінікті баяндалған, бұл студенттерге 
емтихан мен рейтинг тапсыруға дайындалғанда жеңілдік туғызады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет