Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


 Шетел инвестициясы, ҚР-ның “шетелдік инвестициялар



Pdf көрінісі
бет7/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

1.4. Шетел инвестициясы, ҚР-ның “шетелдік инвестициялар
туралы” Заңының негізгі қағидалары 
Нарықтық жағдайда экономиканы тұрақтандыру және нығайту үшін 
әлемдік практикада аса маңызды фактор шетел инвестициясын тарту болып 
табылады. Инвестицияның бұл түрі, шикізат байлығымен көп салалық 
потенциалы бар біздің ел үшін екі есе актуальді (өзекті) болып табылады. 
Сондықтан, мемлекеттік 
деңгейде 
Қазақстан 
экономикасына 
шетел 
инвестициясын тарту бойынша тізбектелген шаралар саясаты жүргізіліп келеді. 
Осы мақсатта “Шетел инвестициялары туралы”арнаулы ҚР заңы қабылданған. 
Бұл заңда шетел инвестициясы түсінігінің анықтамасы берілген – бұл шетел 
инвесторының жасаған инвестициясы. 
Бұл заңда инвестициялық қызметтің тізбектелген әрекет түрі мен қисыны 
және Қазақстандағы шетел инвестициясын реттеу мен қызмет атқару 
жағдайлары баяндалған. Шетелдік инвестициялардың нысандары деген 
түсінікке мынадай анықтама берілген: “шетел инвестициясын ҚР-ның заң 
актілерімен тиым салынған қызмет түрлерінің басқасына және кез келген 
нысанға салынуға мүмкін болып табылады”. 
Көріп отырғандай, қысқа, бірақ тиімді анықтама берілген, яғни 
Қазақстанның инвестициялық сферасына шетел капиталын тарту үшін шексіз 
жазық берілген болып табылады. 
Шетел инвестициялық қызметтің субъектілері мыналар болуы мүмкін: 
- шетелдік заңды тұлғалар (компания, фирма, ұйымдар, кәсіпорын, 
ассоциациялар және т.б ); 


11 
- шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар,шетелде тұрақты тұратын ҚР-
ның азаматтары;
- шетелдік мемлекеттер; 
- халықаралық ұйымдар; 
Аталған заңда шетел инвесторы үшін қорғаныс шаралары мен мемлекеттік 
кепілдің (гарантия) біртұтас тізімі берілген, оның ішінде: 
а) ыңғайлы құқықтық режим; 
б) ел экономикасындағы приоритетті аймақтағы қосыша экономикалық 
жеңілдіктер (льготы); 
в) заң актілерімен саясат жағдайындағы мүмкін болатын өзгерістерден 
шетел инвестициясын қорғау бойынша кепілдік (гарантия); 
г) шетелдік инвестициялық несиелерді уақытында қайтару бойынша 
үкіметтің немесе атынан (қаржы министрлігі) кепілдік (гарантия). 
Бұл жерде, алғашқы кезеңде ҚР Үкіметінің кепілдігі (гарантиясы) бойынша 
шетелдік инвестициясын тартудағы айтарлықтай қателіктердің жіберілгендігіне 
тоқталғанымыз орынды болып табылады (бұның негативтік жағдайлардың 
салдарына болғанын айтуымыз керек). Мысалы, Үкімет кепілімен бұрынғы 
Әлембанк – Қазақстан арқылы соңғы қарызгердің төлем қабілеттігі мен (ТЭО)-
ны жеткіліксіз талдаумен көп шетелдік кредиттік ресурстар тартылған болатын. 
Бұл соңғы қарыз алушының төлем қабілетінің жоқтығынан (Қазақстанның 
заңды тұлғалары) шетел несиелерін (негізгі қарыз және оған пайыздық 
төлемдерді) мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен қайтаруға тура келтірді 
және мәжбүрлі болды, ал соңғы қарызгер – кәсіпорындармен біршама күнге 
дейін соттық қарау мен қаржы – шағымдық ауыртпашылықта жүріп жатты. 
Еліміздің қолайлы инвестициялық климат құру мақсатында мемлекеттік 
органдар мен шенеуліктердің заңсыз әрекеттерінен қорғау кепілі мен басқа да 
бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, шетел инвесторларының кінәсінен емес 
болған зияндар орнын толтыру мен компенсациялар, табыстарын және 
меншікті валюталық қаржыларын еркін пайдалану кепілдігімен басқалары 
қарастырылған. Сонымен бірге шетел инвестициясын тартудағы кең жариялық 
бойынша ашық тендерлер өткізу, шетел жобаларын презентациялау, жан-жақты 
жарнамалау, т.б. қарастырылған. 
Қабылданған заңда,көрсетілген: 
- шет ел қатысуымен кәсіпорын құру және оны жою тәртібі; 
- тізімге алу және лицензия беру тәртібі; 

айтарлықтай жеңілдікпен кедендік алымдар; 
- бухгалтерлік есеп, еңбек қатынастарын және даулармен бәстерді шешу 
мәселелері қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет