Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


 ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ



Pdf көрінісі
бет3/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ 
 
Инвестиция түсінігі, нысандары және формалары 
Инвестициялық цикл және оның құрылымы 
Инвестициялық қызмет, оның субъектілері және олардың өзара 
қатынастары 
Шетел инвестициясы, ҚР-ның “шетелдік инвестициялар туралы” 
заңының негізгі қағидалары 
 
 
1.1. Инвестиция түсінігі, нысандары және формалары 
Бұрынғы КСРО кезінде, оның ішінде Қазақстанда шығарылған ғылыми 
және оқулық әдебиеттерде “инвестиция” түсінігі “күрделі салым” терминімен 
ауыстырылып келген болатын. Осыған байланысты инвестиция түсінігінің мәні 
мен мағнасы негізсіз тарылып, көрініс алатын, ал шындығында “инвестиция” 
ұғымы “күрделі салым” түсінігінен кеңірек болып табылады, дәлірек айтқанда 
күрделі салым инвестицияның бір бөлігі. 
Инвестиция-бұл жалпы алғанда материалды-мүлік құндылықтардың 
барлық түрі және олардың құқықтары, с.с. қайда табу мақсатымен кәсіпкерлік 
қызмет істер нысандарына инвестерлердін 
салған интеллектуалдық
меншіктері. Кеңірек атап айтқанда, инвестицияның құрамына кіретіндер: 
- ақша қаржылары, мақсатты банктік салымдар және акциялар мен басқа да 
құнды қағаздар;
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, қондырғылар, басқадай 
құнды материялдық құндылықтар); 
- жерді пайдалану құқықтары мен авторлық құқықтар; 
- мүліктік құқықтар, тәжірибие және басқа интеллектуалды құндылықтар 
құқықтары. 
Сонымен инвестиция – бұл метаморфоздар тізбегі, яғни ресурстарды 
(құндылықтарды) салымға (шығынға) айналуы және соның нәтижесінде 
(тиімділікті арттыру) табыс алу болып табылады. 
Инвестицияның негізгі нысандары: 
- жаңадан жасалынатын, қайта құрылған және кеңейтілетін негізгі қорлар, с.с. 
шаруашылық субъектілердің барлық саласындағы, айналым қаржылары; 
- құнды қағаздар (акция,облигациялар т.б); 
- мақсатты қаржылық салымдар
- ғылыми-техникалық өнімдер және меншіктік нысандар; 
- мүліктік құқықтар мен интеллектуалды меншік құқықтары. 
Ірілендірілген жобада инвестицияны екі негізгі топтастыруға бөлуге 
болады: 
1) нақтылы (реальды); 
2) портфельді (сөмкелі); 
Нақтылы инвестиция негізінен нақтылы жобаға (проект) ұзақ мерзімдік 
күрделі салымды білдіреді және әдетте нақтылы активтерді сатып алу арқылы 



байланысты болып табылады. Салым ретінде тартылған капиталды да 
пайдалануға болады, оның ішінде банктік несиелер, әрі бұл жерде банктің өзі 
де нақтылы инвестицияға қатысушы субъект болып табылады. 
Өндірістік 
үдеріске 
тікелей 
қатысуына 
байланысты 
нақтылы 
инвестицияны бір қатар жағдайда тікелей инвестиция деп те атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет