Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет8/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары 
 
1.Инвестиция дегеніміз не ? Оның қандай түрлері бар? 
2. Инвестициялық циклге сипаттама беріңдер. 
3. Инвестицялық циклдің құрылымы неден тұрады.? 
4. Инвестицялық қызметтің субъектілеріне кімдер жатады? 


12 
5. Шетел инвестициясын қалай тартуға болады? 
6. «Шетел инвестициялары туралы» қабылданған заңның маңызын 
түсіндір. 
7. Шетел инвесторларына берілетін қорғаныс шаралары мен 
мемелекеттік кепілдік не үшін керек? 
8. Қолайлы инвестициялық климат немен сипатталады? 


13 
2 ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ САТЫСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
САЯСАТЫ 
Нарықтық экономиканың өтпелі сатысынлағы инвестициялық-
құрылымдық саясаттың басты бағыттары 
ҚР-ның мемлекеттік инвестициялық Комитетінің негізгі шешетін 
мәселелері мен атқаратын қызметі 
 
 
2.1. Нарықтық экономиканың өтпелі сатысынлағы инвестициялық-
құрылымдық саясаттың басты бағыттары 
Бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдері, оның ішінде Қазақстан өтпелі 
кезеңде белгілі бір дәрежеде экономикалық және әлеуметтік тоқырау 
жағдайында болды. Бұл тоқыраудан шығу ушін, экономиканы тұрақтандырып, 
әрі қарай дамыту үшін, өмірге оңтайлы инвест-құрылымдық саясатты жасап, 
оны жүзеге асыру аса маңызды жағдай болып табылды. 
Инвестициялық құрылымның негізгі бағыттарының мәнін айтудың 
алдында Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің бастапқы этаптарына 
қысқаша шолу жасаған дұрыс болады. КСРО құлағаннан кейін, оған еңген 
елдердің барлығындағы тоқырау экономикалық және әлеуметтік өмірдің 
барлық жағын қамтиды. Әсіресе инвестициялық сфера қатты зардап шекті. Бұл 
жағдай инвестиция бойынша бұрынғы одақтық нормативтердің қолдануына 
байланысты болды, оның ішінде: құрылысты қаржыландыру ережесі, 
мердігерлік келісім-шарт туралы Ереже және бірқатар инструкциялық-
нормативтік ескірген құжаттар болды, ал жаңалары әлі болмаған еді. 
Осындайдың салдарынан хаос, былық тәртіпсіздік басталады, яғни мемлекеттік 
күрделі салымдарды мақсатты пайдалану және инвестициялық сфераға 
бағытталған қаржыларды тікелей ұрлау орнын алды. Осының салдарынан 
онсызда аяқталмаған құрылыс көлемі айтарлықтай өсіп кетті, басталған 
өндірістік және әлеуметтік нысандағы құрылыстарды консервациялау 
жүргізілді, қор қайтарымдығының бірден құлдырауы басқада негативтік 
салдарларға апарып соқтырды. Осыдан жалпы мемлекеттік деңгейдегі қажетті 
шараларды қабылдаудың қажеттігі туындады. 
1993 жылы ҚР Кеңесінің инвестициялық қызметі бойынша екі заң 
жасалып, қабылданды. Олар “ҚР қорларын қайта құру туралы” және 
“Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарымдық жүйесі туралы” заңдары, 
содан соң құрылысты қаржыландыру және несиелендірудің қазақстандық жаңа 
ережесі жасалып, оны ҚР Министрлер Кабинеті бекітті. Одан кейін, аталған 
заңдарды жүзеге асыру механизімі ретінде және Ұлттық банктің құрылысты 
қаржыландыру мен несиелеу Ережесін ҚР қаржы министрлігі мен экономика 
министрлігі 
бірлесіп, 
өтпелі 
кезеңдегі 
нарық 
жағдайына 
сәйкес
шаруашылықтағы инвест қызметті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру 
бойынша инструкциялық-нормативтер жасап, қолданысқа еңгізді. 


14 
Қазіргі уақытта “ҚР экономикасы қорларын қайта құру туралы” заң өз 
күшін жойып, қолданыстан шығарылды. Дегенмен, өтпелі “көпір” ретінде бұл 
заң өзінің позитивтік рөлін орындады. Нарыққа көшудегі өтпелі кезеңде 
шаруашылықтың негізгі регуляторы “сұраныс-ұсыныс” принципі болғанмен
осы кезеңнің өзіне тән оның ерекшелігі мен спецификасы болды. Жоғарыда 
айтылғандарды ескере отырып, әсіресе инвестициялық үдерісті қаржыландыру 
көздерін, Қазақстан жағдайында, айтарлықтай болатын үлес салмақты 
бюджеттік ассигнация, бюджеттен тыс қорлар, пайдаланып жатқанда және 
үкімет кепілімен сырттан қарыз алу орнын алып тұрған жағдайда
инвестицияны мемлекеттік реттеу қажет болып табылды. Осы мақсатта ҚР-ның 
жалпы экономикасында, оның ішінде инвестициялық сфереда белсенді 
құрылымдық қайта құру курсы қабылданды. Осыдан нарық жағдайында 
қолдануға болатын барлық басқару және орындау жуйесін қайта құру жүзеге 
асырылды. Күрделі салым бойынша бұрынғы жоғарыдан түсетін директивті-
жоспарлы көрсеткіштердің орнына ҚР Президентің Жарлығы арқылы отандық 
және шетелдік инвестицияларды тікелей тарту үшін экономиканың 
басымдылық секторлар тізімі бекітілді, ал республиканың үкіметі әрбір жылда 
аталған басымдылық секторлар аясында, жеңілдік режимдегі несиелеумен, 
нақтылы инвестициялық нысандар тізімін бекітетін болды. 
Содан соң инвестициялық құрылым саясатын жетілдіру мақсатымен 
1997ж. Қазақстанда маңызды екі заң қабылданды “Тікелей инвестицияны 
мемлекеттік қолдау туралы” және “Сырттан қарыз алу мен сыртқы борышты 
басқару туралы”, сонымен бірге инвестиция бойынша ҚР-ның мемлекеттік 
Комитеті құрылды. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына 
бағытталған инвестициялық саясатты жүргізу келесі түрде жүзеге асырылады: 
- инвестициялық бағдарламалармен сәйкестік жасаумен
- мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік ассигцияларды және бюджеттен 
тыс қорларды тікелеәй басқарумен; 
- дифференциалды пайыздық ставкалар мен жеңілдіктерді енгізумен;
- экономиканың нақтылы жағдайынан шығатын қаржылық, бағалық, содан соң 
несиелік саясат жүргізумен (бұрынғы “барлық әпке-қарындастарға бір-бір 
сырға” принципі бойынша болған аяқталмаған құрылыстың өсуімен күрделі 
салымдардың өлі жатуы сияқты жағдайларға жол бермеумен); 
- инвестициялық жобаларды сараптауды өз деңгейінде жүргізумен. 
Мемлекеттік аралық ауқымды құрылымдық-инвестициялық саясаттың 
басты бағыттары болып келесілер табылады: 
- экономиканың мемлекеттік аралық интеграциясы (болашақта-евразиялық одақ 
сияқты); 
- инвестициялық саясатты жасаумен оны жүзеге асыруда бірлескен еңбекті 
ұйымдастыру; 
- нарықтық жағдайдағы шаруашылық құрылымдардағы инвестициялық қайта 
құру үдерісін өзара байланыстыратын келісімімен; 
- жалпы қызығушылықты білдіретін бірінші кезекте дамыйтын аса болашақ 
жобалардың өзара өндірістік корпарациясын құру; 
- тәуекелдіктен инвесторларды бірігіп қорғау (сақтандыру,кепілдер және т.б.); 


15 
- нарық жағдайында өндіріске қажетті кадрлар даярлау бойынша жұмыс 
жүргізіліп, оның тиімділігін арттыру және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет