Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Пайлық инвестициялық траст –



Pdf көрінісі
бет43/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
ФКИ на каз Курс лекций

Пайлық инвестициялық траст – қор қызметінің барлық мерзімі аралығында 
тұрақты 
болып 
табылатын 
біріктірілген 
және 
активтер 
портфеліне 
инвестицияланатын көптеген инвесторлардың ақша қаражаттары. 
Пассивті инвестициялық стратегия – жүзеге асырғанда бағалы қағаздардың 
талдауын қарастырмайтын инвестициялық саясат. 
Пассивтік 
инвестициялар – 
өндірісті ұстап 
тұруға 
бағытталған 
инвестициялар. 
Портфельдік инвестициялар – бұл бағалы қағаздарға жұмсалған 
инвестициялар. 
Реинвестиция – алғашқы инвестициялар. 
Рейтинг – бұл 1 жылға дейін берілген лизингтің түрі. 
Таза активтердің құны – инвестициялық компанияның активтері мен оның бір 
акция есебіндегі міндеттемелерінің әртүрлілігі. 
Тікелей инвестициялар – нақты ұзақ мерзімді жобаға қаражат салу және 
нақты активтерді сатып алумен байланысты. 
Ұзақ мерзімді инвестициялар – бір жылдан асатын кезеңге салынатын 
капитал салымдары. Осы критерий есеп тәжірибесінде қабылданған, бірақ, 
тәжірибе көрсеткендей, ол нақтылауды қажет етеді. 
Факторинг – инвестицияларды қаржыландырудың ерекше әдісі, банктің 
клиенттен өзінің төлеушілеріне берген төлем талаптарын сатып алатын мәміле. 
Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР территориясындағы кәсіпкерлік қызметтің 
объектісіне шетел инвесторына тиісті азаматтық құқықтардың, соның ішінде 
ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік, инттелектуалды қызметтің, сонымен бірге 
қызмет пен ақпарат нәтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие 
мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетел капиталын салу. 
Ішкі инвестиция – берілген елдің территориясында орналасқан объектілерге 
қаражаттарды салу. 


82 
«Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру» пәнінен тест сұрақтары 
1. Табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақшалай 
қаражаттар, бағалы қағаздар және басқа да мүліктер – бұл… 
A) Инвестициялар 
B) Қаржыландыру 
C) Қаржы бөлу 
D) Негізгі капитал 
E) Айналым капиталы 
2. Шығындар әдісі бойынша инвестициялар қалай түсіндіріледі? 
A) Негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне шығындар 
B) Ақшалай қаражаттардың ағымдағы шығындары 
C) Айналым қаражаттарының нақты жұмсалуы 
D) Өнім өндірісі мен өткізілуінің шығындары 
E) Жарғылық капиталды қалыптастыру шығындары 
3. Нарықтық экономика жағдайындағы «инвестиция» ұғымының ерекшелігін 
атап көрсетіңіз. 
A) Инвестицияның табыс алумен байланыстылығы 
B) Негізгі құралдарға салымдар ретінде қарастыру 
C) Айналым құралдарына салым ретінде қарастыру 
D) Тек ақшалай ресурстар ретінде анықтау 
E) Несие ресурстарын толыққанды пайдалану 
4. Коммерциялық тәжірибеде инвестицияның қандай типтерін білесіз? 
A) Физикалық активтерге инвестиция 
B) Материалдық активтерге инвестиция 
C) Бағалы қағаздарға инвестиция 
D) Айналым қаражаттарына инвестиция 
E) Құрал-жабдықтарға инвестиция 
5. Физикалық активтерге не жатады? 
A) Жабдықтар 
B) Ақша 
C) Бағалы қағаз 
D) Несие 
E) Акциялар 
6. Ақшалай активтерге не жатады? 
A) Несиелер 
B) Салымдар 
C) Қорлар 
D) Резервтер 


83 
E) Табыстар 
7. Инвестиция қозғалысының бастапқы сатысы қалай аталады? 
A) Инвестициялық ресурстар – қаражаттар салымы 
B) Қаражаттар салымы – инвестициялау нәтижесі 
C) Инвестициялық ресурстар – инвестициялау нәтижесі 
D) Ақшалай қаражаттар салу – табыс (нәтиже) алу 
E) Инвестиция қатыстыру – кәсіпкерлік қызмет 
8. Инвестиция қозғалысының екінші сатысы қалай аталады? 
A) Қаражаттар салымы – инвестициялау нәтижесі 
B) Инвестициялық ресурстар – қаражаттар салымы 
C) Инвестициялық ресурстар – инвестициялау нәтижесі 
D) Ақшалай қаражттар салу – табыс (нәтиже) алу 
E) Инвестиция қатыстыру – кәсіпкерлік қызмет 
9. Инвестиция қозғалысының бірінші сатысының мазмұны… 
A) Инвестициялық қызмет 
B) Табыс (нәтиже) алу 
C) Шығындар жұмсау 
D) Объектілер іздеу 
E) Қаражат көзін табу 
10. Инвестор қызметінің түрлерін атаңыз. 
A) Операциялық, инвестициялық, қаржылық 
B) Инвестициялық, қаржылық, бюджеттік 
C) Операциялық, қаржылық, бюджеттік 
D) Қаржылық, инвестициялық, әлеуметтік 
E) Өндірістік, қаржылық, әлеуметтік 
11. Ұзақ мерзімді активтер сатып алу және сату, өтелетін несиелер беру және 
алу – бұл… 
A) Инвестициялық қызмет 
B) Операциялық қызмет 
C) Қаржылық қызмет 
D) Шаруашылық қызмет 
E) Коммерциялық қызмет 
12. Инвестициялық қызмет субъектілері… 
A) Инвесторлар 
B) Кәсіпкерлер 
C) Жеке тұлғалар 
D) Заңды тұлғалар 
E) Тұтынушылар 


84 
13. Инвесторлар, инвестициялау объектісін пайдаланушылар және басқа да 
инвестициялық қызмет қатысушылары – бұл… 
A) Инвестициялық қызмет субъектілері 
B) Инвестициялық қызмет объектілері 
C) Инвестициялық қызмет тұтынушылары 
D) Инвестициялық қызметті пайдаланушылар 
E) Инвестициялық қызметті таратушылар 
14. Шығын көзқарасы бойынша инвестициялық объетіге жатпайтын 
көрсеткіш… 
A) Ақшалай қаражаттар 
B) Негізгі капитал 
C) Ақшалай салымдар 
D) Материадық емес активтер 
E) Бағалы қағаздар 
15. Инвестициялау объектілері бойынша инвестиция түрлері… 
A) Нақты және қаржылық 
B) Нақты және тікелей 
C) Қаржылық және қоржындық 
D) Қоржындық және венчурлік 
E) Қаржылық және венчурлік 
16. Нақты инвестициялардың нысандары… 
A) Құрылыс, құрастыру, кәсіпорындарды кеңейту 
B) Қоржын құру, қаржылық активтерді көбейту 
C) Ақша ресурстарын қалыптастыру, оларды көбейту 
D) Бағалы қағаздар сатып алу, депозиттер 
E) Несие алу, күрделі құрлыстар салу 
17. Нақты инвестициялауды жүзеге асыру неден басталады? 
A) Инвестициялық ойларды іздеу және таңдау 
B) Елдің инвестициялық климатын талдау 
C) Инвестициялаудың нақты объектісін таңдау 
D) Инвестициялардың өтімділігін бағалау 
E) Инвестициялық қызмет бағытын анықтау 
18. Қаржылық инвестицияның мақсаты… 
A) Табыс алу, капиталды құнсызданудан қорғау 
B) Бағалы қағаздар нарығын барынша дамыту 
C) Кәсіпорын шығындарын жабу, табыс алу 
D) Бағалы қағазадар нарығында ұтысқа кенелу 
E) Бәскекелес кәсіпорындар қалыптастыру 


85 
19. Инвестициялау мақсаттары бойынша инвестиция түрлері… 
A) Тікелей және қоржындық 
B) Нақты және тікелей 
C) Қаржылық және қоржындық 
D) Қоржындық және венчурлік 
E) Қаржылық және венчурлік 
20. Табыс алу мақсатында өнім өндірісімен байланысты нақты активтерге 
ақшалай қаражаттардың кез-келген салымы – бұл… 
A) Тікелей инвестициялар 
B) Қаржылық инвестициялар 
C) Қоржындық инвестициялар 
D) Венчурлік инвестициялар 
E) Стратегиялық инвестициялар 
21. Венчурлік каптал – бұл үлкен тәуекелмен байланысты … салымдар 
A) Қызметтің жаңа салаларына 
B) Субъектінің жарғылық капиталына 
C) Бағалы қағаздарды сатып алуға 
D) Әр түрлі активтерді сатып алуға 
E) Айналым қаражаттарын толықтыруға 
22. Тәуекел түрлері бойынша инвестиция түрлері… 
A) Агрессивті, біркелкі, консервативтік 
B) Біркелкі, интенсивті, консервативтік 
C) Интенсивті, агрессивті, біркелкі 
D) Прогрессивті, біркелкі, агрессивті 
E) Агрессивті, прогрессивті, консервативтік 
23. Қандай инвестициялар жоғарғы табыстылықпен және төменгі өтімділікпен 
сипатталады? 
A) Агрессивті 
B) Біркелкі 
C) Прогрессивті 
D) Консервативтік 
E) Интенсивті 
24. Қандай инвестициялар орташа табыстылықпен және өтімділікпен 
сипатталады? 
A) Біркелкі 
B) Агрессивті 
C) Прогрессивті 
D) Консервативтік 
E) Интенсивті 


86 
25. Қандай инвестиция түрлері сенімділікпен және өтімділікпен сипатталады? 
A) Консервативтік 
B) Біркелкі 
C) Агрессивті 
D) Прогрессивті 
E) Интенсивті 
26. Салым салу өрісі (сфера) бойынша инвестициялар қалай топтастырылады? 
A) Өндірістік және өндірістік емес 
B) Өндірістік және кәсіпкерлік 
C) Өндірістік және шаруашылық 
D) Өндірістік және қаржылық 
E) Өндірістік және әлеуметтік 
27. Өндірістік инвестицияда инвесторлар неге қатынасады? 
A) Субъектілердің күрделі шығындарына 
B) Субъектілердің қайта құрылуына 
C) Субъектілердің қаржы қатынастарына 
D) Субъектілердің несие қатынастарына 
E) Субъектілердің өндірістік қатынастарына 
28. Аннуитет дегеніміз не? 
A) Салымшыға табыс әкелетін жеке инвестициялар 
B) Бағалы қағаздар, басқа да активтер сатып алу 
C) Субъектінің жарғылық капиталына салымдар 
D) Қызметтің жаңа салаларына инвестициялар 
E) Айналым қаражаттарын толықтыруға қаражаттар 
29. Сұрыптаушылық және іріктеушілік – бұл мемлекеттік инвестициялық 
саясаттың… 
A) Қағидасы 
B) Мақсаты 
C) Міндеті 
D) Элементі 
E) Функциясы 
30. Инвестициялық өрісті орталықсыздандыру – бұл мемлекеттік 
инвестициялық саясаттың… 
A) Қағидасы 
B) Мақсаты 
C) Міндеті 
D) Элементі 
E) Функциясы 


87 
31. Мемлекеттің экономикалық даму басымдықтарын анықтау – бұл 
мемлекеттік инвестициялық өрістің… 
A) Функциясы 
B) Қағидасы 
C) Міндеті 
D) Мақсаты 
E) Элементі 
32. Инвестициялау объектілеріне салымдар жүзеге асыруға қатыстырыпатын 
барлық қаржы активтері… 
A) Инвестициялық ресурстар 
B) Ақшалай қаражаттар 
C) Негізгі каптал 
D) Айналым капиталы 
E) Жарғылық капитал 
33. Кәсіпорының инвестициялық ресурстарын қалыптастыру көздері қалай 
бөлінеді? 
A) Меншікті, қатыстырылған, қарыз 
B) Меншікті, мемлекеттік, қарыз 
C) Мемлекеттік, қатыстырлған, қарыз 
D) Қатыстырылған, бюджеттік, қарыз 
E) Бюджеттік, қатыстырылған, меншікті 
34. Корпорацияның меншікті қаржы ресурстарына не жатады? 
A) Пайда және амортизация 
B) Меншікті және резервтік капитал 
C) Меншікті капитал және пайда 
D) Меншікті капитал және амортизация 
E) Пайда және резервтік капитал 
35. Құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар, 
таза пайда – бұл… 
A) Меншікті қаражаттар 
B) Айналым қаражаттары 
C) Ақшалай қаражаттар 
D) Негізгі қаражаттар 
E) Қосымша қаражаттар 
36. Өнім өткізудің қаржы нәтижесі… 
A) Жалпы табыс 
B) Таза табыс 
C) Негізгі табыс 
D) Қорытынды табыс 
E) Баланстық табыс 


88 
37. Негізгі қызмет табысы – 140 мың тг, мерзімді шығындар – 50 мың тг, 
өзіндік құн – 80 мың тг. Өнім өткізуден түскен табысты анықта. 
A) 270 мың тг 
B) 190 мың тг 
C) 220 мың тг 
D) 60 мың тг 
E) 90 мың тг 
38. Негізгі қызмет табысы – 140 мың тг, мерзімді шығындар – 50 мың тг, 
өзіндік құн – 80 мың тг. Жалпы табысты анықта. 
A) 190 мың тг 
B) 270 мың тг 
C) 220 мың тг 
D) 60 мың тг 
E) 90 мың тг 
39. Өнім өткізуден түскен табыс – 270 мың тг, өзіндік құн – 80 мың тг, мерзімді 
шығындар – 50 мың тг. Негізгі қызмет табысын анықта. 
A) 140 мың тг 
B) 190 мың тг 
C) 220 мың тг 
D) 240 мың тг 
E) 400 мың тг 
40. Өнім өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындардың айырмасы – 
бұл… 
A) Маржиналды табыс 
B) Баланстық табыс 
C) Операциялық табыс 
D) Қорытынды табыс 
E) Жиынтық табыс 
41. Жалпы табыс пен мерзімді шығындардың айырмасы – бұл… 
A) Негізгі қызметтен түскен табыс 
B) Операциялық қызметтен түскен табыс 
C) Қосалқы қызметтен түскен табыс 
D) Корпорацияның қаржы нәтижесі 
E) Корпорацияның таза табысы 
42. Дивидендтер корпорацияның қандай қызметімен байланысты алынған 
табыс түрі болып табылады? 
A) Инвестициялық қызмет 
B) Қаржылық қызмет 
C) Операциялық қызмет 


89 
D) Коммерциялық қызмет 
E) Шаруашылық қызмет 
43. Салықтық төлемдерді төлегеннен кейін корпорация пайдалануына қалатын 
табысының есебінен негізінен қандай қорлар құрылады? 
A) Резервтік, тұтыну және қорлану 
B) Резервтік, тұтыну және орнын толтыру 
C) Тұтыну, қорлану және орнын толтыру 
D) Орнын толтыру, қорлану және даму 
E) Резервтік, тұтыну және даму 
44. Негізгі және айналым құралдары қандай қордың есебінен толықтырылады? 
A) Қорлану қоры 
B) Тұтыну қоры 
C) Резервтік қор 
D) Даму қоры 
E) Өндірістік қор 
45. Кәсіпорынның резервтік капиталы қандай табыстан қалыптастырылады? 
A) Таза табыстан 
B) Жалпы табыстан 
C) Баланстық табыстан 
D) Негізгі табыстан 
E) Жиынтық табыстан 
46. Мемлекеттік билік және басқару органдары жүзеге асыратын салымдар – 
бұл… 
A) Мемлекеттік инвестициялар 
B) Мемлекеттік салым салу 
C) Мемлекеттік қаржыландыру 
D) Мемлекеттік несиелендіру 
E) Мемлекеттік қаржы жұмсау 
47. Ағымдағы және инвестициялық қызметке үлестік қатысудағы қаражаттар 
инвестициялық ресурстарды қалыптастырудың қандай көзі болып табылады? 
A) Қатыстырылған 
B) Қарыз 
C) Мемлекеттік 
D) Бюджеттік 
E) Меншікті 
48. Меншікті қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне не жатады? 
A) Қосымша акциялар шығару және сату 
B) Ұзақ мерзімді банк несиелерін алу 
C) Қысқа мерзімді банк несиелерін алу 


90 
D) Облигациялар шығару және сату 
E) Қажетсіз негізгі құралды жалға беру 
49. Корпорациялардың инвестициялық ресурстарын қалыптастырудың 
меншікті көзі… 
A) Таза табыс 
B) Жарғылық капитал 
C) Негізгі капитал 
D) Айналым капиталы 
E) Ақшалай қаражаттар 
50. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың кең тараған түрі… 
A) Үлестік қаржыландыру 
B) Өзін-өзі қаржыландыу 
C) Несиелік қаржыландыру 
D) Мемлекеттік қаржыландыру 
E) Жергілікті қаржыландыру 
51. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің қандай әдістерін білесіз? 
A) Тік сызықты, өндірістік, жеделдетілген 
B) Тік сызықты, кумулятивтік, жеделдетілген 
C) Өндірістік, кумулятивтік, жеделдетілген 
D) Кумулятивтік, өндірістік, қалдықты азайту 
E) Өндірістік, жеделдетілген, қалдықты азайту 
52. Негізгі құралдар амортизациясын есептеудің жеделдетілген әдісі қай 
мезгілде қолданылады? 
A) Жеделдетілген моральдық тозу пайда болғанда 
B) Өнім өткізу нарығы тұрақтаған жағдайда 
C) Тозған жабдықтар шектен тыс көп болғанда 
D) Үлкен шамада артық жабдықтар болған жағдайда 
E) Қажетсіз құралдарды есептен шығарған жағдайда 
53. Негізгі құралдарды ұзақ мерзімді жалға алу қалай аталады? 
A) Лизинг 
B) Рентинг 
C) Хайринг 
D) Чартер 
E) Лиз-бек 
54. Лизингтің қандай түрлері бар? 
A) Оперативті және қаржылық 
B) Оперативті және мақсатты 
C) Мақсатты және қаржылық 
D) Қаржылық және несиелік 


91 
E) Несиелік және мақсатты 
55. Инвестициялық мүмкіндіктерді талдау инвестициялық жобаның қай 
сатысына жатады? 
A) Инвестиция алдындағы саты 
B) Инвестициялық саты 
C) Пайдалану сатысы 
D) Капитал салымы сатысы 
E) Нәтиже алу сатысы 
56. Жобаның пайда болуы мен жойылуы сәтінің уақыт аралығы не деп аталады? 
A) Жобаның өмір циклы 
B) Жобаның өмір деңгейі 
C) Жобаның өмір сүруі 
D) Жобаның өмір уақыты 
E) Жобаның өмір шамасы 
57. Нарық конъюктурасын бағалау инвестициялық жобаларды талдаудың қай 
бағытына негізделеді? 
A) Техникалық талдау 
B) Экономикалық талдау 
C) Қаржылық талдау 
D) Коммерциялық талдау 
E) Ұйымдық талдау 
58. Инвестициялық жобаларды ұсынылатын өнім мен қызметтің түпкі 
тұтынушыларының көзқарасы бойынша жобаларды бағалау – бұл… 
A) Коммерциялық талдаудың міндеті 
B) Экономикалық талдаудың міндеті 
C) Қаржылық талдаудың міндеті 
D) Техникалық талдаудың міндеті 
E) Институционалдық талдаудың міндеті 
59. Инвестициялық жоба тиімділігін бағалауда қандай әдістер қолданылады? 
A) Коммерциялық, бюджеттік, экономикалық 
B) Коммерциялық, әлеуметтік, технологиялық 
C) Бюджеттік, әлеуметтік, технологиялық 
D) Бюджеттік, әлеуметтік, коммерциялық 
E) Экономикалық, әлеуметтік, технологиялық 
60. Болжалдық бағалар қалай анықталады? 
A) Б


б
*I
t
B) Б


б
+I
t
C) Б


б
/I
t
D) Б

=(Б
б
*I
t
)



92 
E) Б

=(Б
б
*I
t
)/ Б
б
61. Табыс алу мақсатында салымдар жасағанда ақшаның құнсыздануы қандай 
көрсеткішпен анықталады? 
A) Дисконттау коэффициенті 
B) Табыстылық коэффициенті 
C) Рентабельділік коэффициенті 
D) Өтімділік коэффициенті 
E) Төлем қабілеттілігі коэффициенті 
62. Дисконттау коэффициенті қандай фоормуламен анықталады? 
A) k=1/(1+E)
t
B) k=1/(1+E) 
C) k=1+(E/(1+E)
t

D) k=(1+E)/(1+E)
t
E) k=(1+E)
t
/(1+E) 
63. Зиянсыздық нүктесі қандай әдістермен анықталады? 
A) Аналититкалық, графиктік 
B) Сараптамалық, тәжірибелік 
C) Статистикалық, тәжірибелік 
D) Графиктік, сараптамалық 
E) Статистикалық, сараптамалық 
64. Коммерциялық банктердің қаражаттарды салу объектілеріне байланысты 
қалай топтастыруға болады? 
A) Нақты және қаржылық 
B) Тікелей және қаржылық 
C) Қаржылық және қоржындық 
D) Нақты және қоржындық 
E) Қоржындық және венчурлік 
65. Қайта орналастыру мақсатында бағалы қағаздардың жаңа эмиссиясын сатып 
алумен байланысты операциялар – бұл… 
A) Андерайтинг 
B) Аннуитет 
C) Эмиссия 
D) Франчайзинг 
E) Компаудинг 
66. Франчайзинг – бұл… 
A) Бизнес жүргізу үшін лицензия беру/сату 
B) Мүлікті беруде пайда болатын қатынастар 
C) Инвестициялық субъектілердің салым салуы 


93 
D) Мүлік сатып алуда берілетін несие түрі 
E) Инвестицияларды тиімді орналастыру 
67. Амортизиция шамасына азайтылған жалпы инвестициялар – бұл… 
A) Таза инвестициялар 
B) Қалдық инвестициялар 
C) Баланстық инвестициялар 
D) Негізгі инвестициялар 
E) Басты инвестициялар 
68. Аймақтық және жергілікті бюджет үшін инвестициялық жобаны жүзеге 
асырудың қаржылық салдарын анықтайтын тиімдлік – бұл… 
A) Бюджеттік 
B) Коммерциялық 
C) Экономикалық 
D) Мемлекеттік 
E) Аймақтық 
69. Инфляция салдарынан ақшаның құны ескерілмейтін проценттік ставка – 
бұл… 
A) Номиналды проценттік ставка 
B) Жай проценттік ставка 
C) Күрделі проценттік ставка 
D) Нақты проценттік ставка 
E) Жоспарлы проценттік ставка 
70. Нақты инвестициялау нарығының нысандары – бұл… 
A) Күрделі қаржылар нарығы 
B) Қаржылық ресурстар нарығы 
C) Қаржылық инвестициялар нарығы 
D) Ақша құралдарының нарығы 
E) Ссудалық капитал нарығы 
71. Қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын 
төлем қаражатарының нарығы… 
A) Ақша нарығы 
B) Несие нарығы 
C) Қаржы нарығы 
D) Капитал нарығы 
E) Бағалы қағаздар нарығы 
72. Бағалы қағазбен куаландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі 
болады… 
A) Атаулы бағалы қағаз 
B) Ордерлі бағалы қағаз 


94 
C) Ұсынушы бағалы қағаз 
D) Ұсынбалы бағалы қағаз 
E) Жинақталған бағалы қағаз 
73. Инвесторлар жүзеге асыратын негізгі шаруашылық қызметтің бағытына 
байланысты инвесторлар қалай бөлінеді? 
A) Жеке және институционалдық 
B) Жеке және стратегиялық 
C) Жеке және қоржындық 
D) Стратегиялық және қоржындық 
E) Институционалдық және қоржындық 
74. Өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке немесе 
заңды тұлға… 
A) Инвестор 
B) Эмитент 
C) Эмиссия 
D) Диллер 
E) Брокер 
75. Алатын пайда қатысушылар арасында бөлініске салынбай, ол акционерлік 
қоғамның техникалық дамуына жұмсалады… 
A) Орталық депозитарий 
B) Күрделі депозитарий 
C) Жүйелі депозитарий 
D) Бағалы қағаздар депозитариі 
E) Сырттан тартылған депозитарий 
76. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің 
біріңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері туралы заң қашан қабылданды? 
A) 2002 жылдың 17 мамыры 
B) 2003 жылдың 18 мамыры 
C) 1999 жылдың 15 маусымы 
D) 2000 жылдың 12 қаңтары 
E) 2001 жылдың 11 ақпаны 
77. Акционерлік қоғам пайдасына байланысты дивиденд шамасы өзгеріп 
отыратын акция түрі… 
A) Жай акция 
B) Күрделі акция 
C) Артықшылықты акция 
D) Кәдуілгі акция 
E) Ұжымдық акция 


95 
78. Билік органдары, салалық бірлестіктер арқылы ықпал ету, сондай-ақ 
кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы туралы ақпараттар іздеу және 
тарату – бұл… 
A) Инвестициялық белсенділік 
B) Инвестициялық процесс 
C) Инвестициялық тартымдылық 
D) Инвестициялық қызмет 
E) Инвестициялық бағдарлама 
79. Комиссиялық сыйақылар үшін бағалы қағаздар нарығында делдалдық 
қызмет атқаратын кәсіби ұйымдар немесе жеке тұлғалар – бұл… 
A) Инвестициялық брокерлер 
B) Инвестициялық дилерлер 
C) Инвестициялық делдалдар 
D) Инвестициялық қызметкерлер 
E) Инвестициялық мамандар 
80. Инвестициялық сұраныстар қандай түрде болуы мүмкін? 
A) Потенциалды және нақты 
B) Нақты және қаржылық 
C) Қаржылық және қоржындық 
D) Тікелей және жанама 
E) Тікелей және нақты 
81. Инвестициялық жобаларды техникалық талдау аясында не зерттеледі? 
A) Жобаның көлемі 
B) Өндіріс шарттары 
C) Қатысушылар міндеттері 
D) Өндіріс көлемі 
E) Өндіріс шығындары 
82. Кәсіпорын құрылтайшылары жарналарының ақшалай бөлігі бірінші кезекте 
қайда салынады? 
A) Негізгі құралдарды сатып алуға 
B) Материалдар сатып алуға 
C) Банк депозиттерін қалыптастыруға 
D) Айналым құралдарын сатып алуға 
E) Өнім өндірісін қамтамасыз етуге 
83. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын сипаттайтын көрсеткішті 
атап көрсетіңіз… 
A) Активтердің рентабельділігі 
B) Негізгі құралдардың қор қайтарымы 
C) Өнімнің материал сиымдылығы 
D) Тұрақты және өзгермелі шығындар 


96 
E) Табыс және шығын көрсеткіштері 
84. Инвестициялық тартымдылық туралы ақпарат не үшін қажет? 
A) Инвестициялық стратегияны қалыптастыруға 
B) Инвестициялық қоржынды қалыптастыруға 
C) Инвестициялық жобаны қалыптастыруға 
D) Инвестициялық шарттарды қамтамасыз етуге 
E) Инвестициялық шығындарды үнемдеуге 
85. Бағалы қағаздардың табыстылығы, тәуекелі және өтімділігі тұрғысындағы 
бағалы қағаздардың жалпылама сипаттамасы – бұл… 
A) Бағалы қағаздардың инвестициялық қасиеті 
B) Бағалы қағаздардың инвестициялық қажеттілігі 
C) Бағалы қағаздардың инвестициялық құны 
D) Бағалы қағаздардың инвестициялық бағасы 
E) Бағалы қағаздардың инвестициялық маңызы 
86. Қаражаттар салымы инвестор үшін тиімсіз болып табылатын табыстың ең аз 
нормасы – бұл… 
A) Дисконт нормасы 
B) Табыстылық нормасы 
C) Рентабельділік нормасы 
D) Шығын нормасы 
E) Баға нормасы 
87. Техника-технологиялық жаңалықтарды қалыптастыру және коммерциялық 
пайдалану процесі – бұл… 
A) Инновациялық инвестициялар 
B) Жаңалықтар енгізу 
C) Ноу-хау 
D) Технологиялармен қамсыздандыру 
E) Инновациялық процесс 
88. Тәуелсіздік коэффифицентінің оңтайлы мәні қаншаға тең? 
A) 0,5-0,6 
B) 1,0-2,0 
C) 0,5-1,0 
D) 0,2-0,5 
E) 0,4-0,5 
89. Тәуелділік коэффициентінің оңтайлы мәні қаншаға тең? 
A) 0,4-0,5 
B) 0,5-0,6 
C) 1,0-2,0 
D) 0,5-1,0 


97 
E) 0,2-0,5 
90. Қаржыландыру коэффициентінің оңтайлы мәні қаншаға тең? 
A) >1 
B) <1 
C) ≥0,5 
D) ≤0,5 
E) 0,5-1 
91. Инвестициялау коэффициентінің оңтайлы мәні қаншаға тең? 
A) ≥0,5 
B) >1 
C) <1 
D) ≤0,5 
E) 0,5-1 
92. Меншікті капитал – 100 мың тг, қарыз капиталы – 80 мың тг, негізгі капитал 
– 90 мың тг. Тәуелсіздік коэфициентін анықта. 
A) 0,56 
B) 0,80 
C) 1,25 
D) 0,44 
E) 1,11 
93. Меншікті айналым капиталы – 100 мың тг, ТМБ – 80 мың тг, қысқа мерзімді 
несиелер – 20 мың тг. Корпорация қаржы жағдайы қандай деңгейде? 
A) Тұрақты 
B) Қалыпты 
C) Қалыпсыз 
D) Тұрақсыз 
E) Дағдарыстық 
94. ТМБ – 80 мың тг, оның негізгі көздерінің шамасы – 70 мың тг. Кредиторлық 
қарыздар – 15 мың тг. Корпорация қаржы жағдайы қандай деңгейде? 
A) Дағдарыстық 
B) Тұрақсыз 
C) Қалыпты 
D) Қалыпсыз 
E) Тұрақты 
95. Абсолютті өтімділік коэффициентінің оңтайлы мәні қаншаға тең? 
A) ≥0,2-0,5 
B) ≥0,3-0,5 
C) ≥0,2-0,3 
D) ≥0,1-0,3 


98 
E) ≥0,1-0,2 
96. Ақшалай қаржаттар – 100 мың тг, дебиторлық қарыздар – 150 мың тг, 
ағымдағы міндеттемелер – 260 мың тг. Абсолютті өтімділік коэффициентін 
есепте. 
A) 0,38 
B) 0,96 
C) 0,19 
D) 2,60 
E) 1,73 
97. Соңғы жылдарда Қазақстанға шетелдік инвестициялар түріндегі техникалық 
көмек қандай ұйым арқылы жүзеге асты? 
A) Еуропа қайта құру және даму банкі 
B) Еуропа одағы 
C) ЮНЕСКО 
D) Халықаралық валюта қоры 
E) Халықаралық сауда палатасы 
98. Еуропалық полюс қандай елдердің қаржы нарықтарын қамтиды? 
A) Еуропалық одақ, Шығыс Еуропа, Таяу шығыс 
B) Шығыс Еуропа, Таяу шығыс, Ресей Федерациясы 
C) Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа 
D) ТМД, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс 
E) Шығыс Еуропа, Шаяу Шығыс, Орталық Азия 
99. Еуропалық полюстің капитал көлемі қандай шамамен сипатталады? 
A) 9 трлн. долллар 
B) 18 трлн. долллар 
C) 6 трлн. долллар 
D) 17 трлн. долллар 
E) 10 трлн. долллар 
100. Әлемдік тәжірибеде несие-банк жүйесін құрудың қандай негізгі модельдері 
бар? 
A) Сегменттелген және әмбебап 
B) Континентальдық және әмбебап 
C) Сегменттелген және континентальдіқ 
D) Америкалық және континентальдық 
E) Америкалық және әмбебап 


99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет