77
4. Халықаралық валюталық қор қай жылы құрылды және оның басты
мақсаты қандай?
5. Шетел капиталын пайдаланудың
қандай артықшылығы бар, ол неден
байқалады?
6. Лицензияны импорттау түсінігі нені білдіреді?
7. Лицензияның қандай түрлері бар?
8. Венчурлық капиталға және оның
маңыздылығына сипаттама
беріңіздер?
9. Венчурлық капиталды пайдаланудың қандай шарттары бар?
78
Глоссарий
Аймақтық инвестициялар – мемлекеттің
нақты аймағының шегінде
қаражаттарды салу.
Акитвті инвестициялық стратегия, портфельді активті басқару (active
management) – дұрыс бағаланбаған қаржы активтерін
сатып алуға немесе нарық
қозғалысының жалпы дамуын алдын
-ала болжауға ұмтылу.
Активтік инвестициялар – өндірісті ұлғайтуға бағытталған инвестициялар.
Акцияның номиналы – бұл акцияның эмиссиясы
кезінде белгіленген және
оның бет жағында көрсетілген құны.
Артықшылықты акциялар – дауыс беру құқығы жоқ корпорация акциялры.
Олар бойынша тұрақты дивидендтер төленеді.
Ашық инвестициялық қорлар – таза активтер құны бойынша өз акцияларын
шығаратын немесе сатып алатын инвестициялық қорлар.
Әлеуметтік тиімділік – коммерциялық қызметке инвестициялау кезіндегі
әлеуметтік немесе пайданың өсіміне көмектесетін жобаның тиімділігі.
Бизнес-жоспар – инвестициялық жобаның жүзеге асуы барысындағы әрекеттер
мен шаралардың жиынтығы. Бизнес-жоспар
жобаның мақсаттарын, олардың
жетістіктері мен болжанған нәтижелерінің жолын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: