80
«Капиталдық салымдар – бұл негізгі капиталға
салынатын инвестициялар,
соның ішінде жаңа құрылысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кеңеюіне,
қайта құрылуына және техникалық қайта жабдықталуына, машиналарды,
құрал-жабдықтарды,
құралдарды, инвентарды сатып алуға кететін және
жобалық-іздеу шығындары.
Корпоративті облигациялар– жеке корпорациялармен шығарылатын ұзақ
мерзімді
қарыздық міндеттемелер; бұл қарыздық міндеттемелер бойынша жарты
жылдық купондар төленеді, ал өтеу кезінде облигацияның
номиналдық құны
қайтарылады.
Қазынашылық вексельдер – өзіндік құны төмен шегеріммен шығарылатын,
қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар; қазынашылық
вексельдерді өтеу
мерзімі келгенде олардың толық өзіндік құны төленеді.
Қаржы-бюджеттік саясат – мемлекеттік шығындар мен салық салуды
экономикалық тұрақтандыру үшін қолдану.
Қаржылық инвестициялар әртүрлі қаржылық құралдарға (активтерге), соның
ішінде аса маңызды үлес алатын бағалы қағаздарға қаражаттарды салу.
Қор биржалары – шығарылған бағалы қағаздарды сауда қатысушыларының
сатып және сатып алатын екінші ретті нарықтар.
Достарыңызбен бөлісу: