Гүлтас сайынқызы


Қамшы сөз: Аз қазақ бөлінбеңдер! Өкпелесеңдер, кешіруге асығыңдар



Pdf көрінісі
бет6/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

 
Қамшы сөз: Аз қазақ бөлінбеңдер! Өкпелесеңдер, кешіруге асығыңдар.
 
Әке, 18 мамыр 2012 жыл ол күні сен бар болатынсың, дәл бір айдан соң 
бақи дүниеңе аттандың. Сен бар кезде менде үміт бар еді, жан әке. Әлі-ақ 
бірге жүріп, бірге күліп, ұрпақтарымыздың тойында бірге боламыз деп 
сенгенмін. «Қызым, биыл Дидар баламды үйлендіру керек. Осы жерде жақсы 
қыздар жүр. Біреуімен сөйлесіп те қойдым. Содан кейін Саят баламды 
үйлендіріңдер. Болмайды, жүрсе жүре берді» деп едің ғой. Иә, Алла өмір 
берсе, қызық та, той да бола береді, әке. Бірақ ендігі тойлардың сенсіз өтетіні 
жүректі ауыртады.
Жаным-ау менің, немерелеріңнің тойында тойдың бетін ашып, бата 
бергізгенде бір-екі рет батаның соңын «сол үшін» деп бітіріп, оған өзің қатты 
ұялғансың. Сонда мен микрофонды алып: «қымбатты қонақтар, менің 
әкемдей дұрыс бата беретін адам өте сирек. Қараңыздаршы қандай жақсы 
тілектер айтты. Енді сіздер мен біздер сол үшін не істеуіміз керек? «Қария, 



батаңыз періштенің құлағына шалынсын, әумин деуіміз керек. Жұрттың бәрі 
менің сөзімді қайталап «әумин» деді. Сен баладай мәз болып күлдің. (Нүркен 
балаң мен Алма келініңнің тойы болатын). 

Әке, сен жарық дүниеде болғанда мен әкесі бар бала едім, мен ерке едім, 
өткір едім. Даусым да ерекше еді. Дауыс дегенде есіме түсіп жатыр. Олжас 
Сүлейменовке арналған конференцияда сөйлеп тұрғанымда (жастардың, 
ересектердің, тіптім Олжас ағаның да зейін қойып тыңдап отырығанын 
сезіндім. Бір кезде үлкен залдың артқы терезесінің пердесі өзінен-өзі үзіліп 
жерге түсті. Елдің бәрі жалт қарады. Ал мен іштей күбірлеп, Аллаға тәубелік 
жасадым.
Әке, сен туралы кітапқа қазақтың айтулы тұлғасы, ақын, ғалым Олжас 
Сүлейменовке арналған конференцияда сөйлеген сөзімнің нұсқасын әдейі 
бергелі отырмын. Сен бар едің ғой, әке ... (Конференциядан шығып, саған 
бардым. 18 мамыр, 2012 жыл) 
 
Қадірлі конференцияға қатысушылар, құрметті Олжас Омарұлы! 
Бүгінгі бас қосудан әр адам мен не алдым деген сұраққа жауап табу 
керек. Жіберген уақыттың нәтижесі пайдалы болса ғана, өткізіліп отырған 
іс-шара мақсатына жеткен болып саналады. Республиканың түкпір-
түкпірінен жиналған жастар Олжас Сүлейменовті көрді, тыңдады. 
Университет ректоры Тілектес Есболов ағаның ақынға құрметін, 
Олжастың ақындық, азаматтық тұлғасын жастарға өнеге ету мақсатын 
білді.
Қымбатты жастар, ғасырдан ғасыр озып бара жатқанда адам баласы 
жалаң уақытты есіне алмайды, уақыт тұлғалар ерлігімен, тұлғалар 
парасатымен, ғалымдардың ұлы жаңалықтарымен ел есінде қалады. 
Өзіміздің тарихымызға көз салсақ та сондай. Сақ заманындағы Анақарыс, 
Зарина, Тұмар патшайымдар, одан кейінгі Еділ, Күлтегін, Білге, Тоныкөк, 
одан бергіде Қорқыт баба, Баласағұн, әл-Фараби, Йассауи ғұламалар, 
хандық дәуірдегі Асанқайғы бастаған жыраулар, Бұхар, Махамбет, 
Абайлар, алаштың арда ұлдары Ахмет Байтұрсынов бастаған 
ұлтжандылар, кешегі кеңес заманындағы Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, 
Бауыржан Момышұлы, ақиық ақын Мұқағалилар, т.б. өз ғасырларын, өздері 
өмір сүрген уақытты өрнектеген тұлғалар. Адамдар кеңістікті емес 
кемеңгерлерді есте сақтайды. Қазіргі заман да сол бір кезекті заман. Бұл 
заманнан да алыс болашаққа тұлғалар қалады. Ал біздер сол тұлғалармен 
бірге өмір сүріп, бірге ауа жұтып, жер басып жүрміз. Бүгінгі жетпістен 
асқан кемеңгерлік жасында даусы таудың суындай гүрілдеп, тұлпар екпінді 
дыбыстары ауаны тепкілеп, өлең деген құдіретті Өнер-қарияның баласы 
Олжас алмастай өткір жыр қайрағымен сендердегі жастық жігерді 
жандырып, қайрап, рухтарыңды кәусар бұлақ жыр суымен тазартып 
тұрғандай әсер қалдырды. Олжас шығармасындағы динамика, рух, 
тұлпарлардың шабысы, қазақтың кең сахара даласы, Махамбеттің өрлігі, 


10 
Бауыржан Момышұлының ерлігі, бәрі-бәрі бір ғана қазақ Әлемін жасап, 
танымасаң танып ал, қазақ деген халық міне осындай деп тұрған жоқ па! 
Жастар, біз де, мына мен де жас болғанмын. Поэзияны жанымызға серік 
еттік. Мұқағали жыры біздің табиғатымыз болды, өлеңдерін, поэмаларын 
оқып отырып ақынмен бірге қуанып, бірге жылаймыз. Фариза жырлары 
(мүмкін қыз болғандықтан да шығар) біздің қорғаушыларымыз секілді. 
Арлылыққа, пәктікке, өршілдікке тәрбиелеген Фариза ақынның өлеңдерін 
оқып, табанымызды жерге тіреп, басымызды тік ұстап, қазақ қызы 
болғанымызға мақтаныш жүрегімізді тербеп жүретін. Иә, қазақ қыздары 
тегінен келе жатқан тектілігін сақтап қалса, соның бір тізгіні Фариза 
жырында болды. Фариза ақын қыз «қазақтың жігітінен дос таба алмаған» 
Мұқағали ақын ағасының өмірдің асау иірімі тартып бара жатқанда 
жанына да қармау болғанын, «Фариза, Фариза ақын, Фариза қыз» деген 
Мұқағалдың өлеңінен сіздер білесіздер. Ал Олжас ақынның жөні басқаша. 
Олжасты «орысша жазады» деп, қазақ ақындарының санатына қосқысы 
келмейтіндер үлкен қателік жасайды, Қылышынан қан тамған Кеңес
заманында тырнақшаның ішінде ғана еркіндігі бар елдің өлмейтін, асқақ 
рухын жеріне жеткізіп айтқан Олжас болатын. Өздерін жаралғалы бері 
жасампаз халықпыз деп санайтын орыс ұлтының рухани әлеміне алғаш 
сына қағып, ойландырған да Олжас Сүлейменов болатын. Ақынның, 
ғалымның «АЗиЯ-сы» атом бомбасынан кем болмады. Сондықтан да ол 
кітаптың көзін жойды (сол заманда). 
Кейде бүгінгі жастарға көңіл толмайтындай кездер де болады. Таяқ 
тастасаң әншіге тиеді. Не көп әншілер, оның ішінде жігіттеріміз көп. 
Айтатын әндері өлімсіреген, ыңырсыған, жалынған, жалбарынған, сөзінде 
мән жоқ. «Жігітіңнің бар екені кеше білдім мен, біздің көшеменен 
жүрмеңдерші», немесе «ауырады жүрек, ауырмайды жүрек» деп он 
қайталап есті шығарады. Жігіттердің мінезі де, болмыстары да сол 
айтқан әндеріне ұқсайды. Жігіт өр, асқақ, биік, намысшыл болуы керек емес 
пе?
Жастар, Олжас Сүлейменовтің шығармаларынан ғана емес, ақынның 
табиғатынан, мінезінен өнеге алыңдар. Ақын Төлеген Айбергенов 30 
жасында көз жұмды. Поэзиясын оқысаңдар 30-дағы баланың емес, 60-қа 
келген дананың сөзін аласыңдар. Жігерлеріңді қайрау үшін семсер жыр керек 
болса, Олжастың, Төлегеннің, Қасымның, Фаризаның, Сабыр Адайдың, 
жырларын оқыңдар. Еңіреген, сұңқылдаған, жылаған әндермен жандарыңды 
ұсақтамаңдар. Тәуелсіздігіне өліп-талып қол жеткізген жас елдің жас 
қырандары сендерсіңдер. Сондықтан азаматтары азамат болса, елге 
тұтқа, қарындасқа қамқор болса ғана бұл ел азбайды, ел болады. Қорасы 
болмаса, қарамаса қойды да ұры-қары алып кетеді, сол сияқты 
қарындастарыңа қамқор болмасаңдар, болашақ құрдымға кетеді. Қазір жас 
емессіздер, ақыл тоқтатқан азаматсыздар, сондықтан ойланыңыздар.
Назар қойып тыңдағандарыңызға алғысымды білдіремін.
 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет