Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Жақсылық жасағаннан рақат нәрсені мен де өмірімде



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Жақсылық жасағаннан рақат нәрсені мен де өмірімде 
көрмедім. 


12 
Әке, жаным әке! Сәуірдің 20-жұлдызында (2012 жылы) Америкаға 
баратын болдым. Ішкі даусым барғанымды құптамай жүрді. Бір күні 
дауыстап Дауысқа жауап беріп тұр екенмін. «Қызықсың ғой, қалай 
бармаймын. Бұл шешілген мәселе. Енді кеш, барғым келіп тұрған жоқ... 
Бірақ барамын» дедім. «Дауыс енді сені айтты. Әкеңнің жағдайы ... » деді. – 
Енді, аса қауіпті емес қой. Өкпесіндегі суды алып тастаса, болды емес пе? 
Бірақ Дауыс маған артық айтпайтын. Бұл жолы айтып тұр. Уайымдап 
қалдым. Америкаға өте ұзақ ұштық. Аспанда бірінші рет осындай ұзақ уақыт 
болдым. Бірге бара жатқан бес адам ұшақ ішінде бес жерде болдық. Қасымда 
отырғандар – өңшең шетелдің азаматтары. Ұшақтың тамағын да, сусынын да 
ішкен жоқпын. Алладан сұрағаным да, тілегенім де сенің денсаулығың 
болды. Әке, бір қызық болды. Астанадан Франктфурт деген Германияның
қаласына дейін ұштық. Сол жерден Америкаға ұшамыз. Американың кедені 
қатты тексереді екен. Біздің алдымыздағы бір ұлты ағылшынды көп ұстады. 
Біздің бастығымыз Қадиша Даирова: «Мына кісіні әбден қинады ғой, ал 
қыздар енді дайын болыңдар» деді. Солай деп тұрғанымызда, Қадиша 
апайымызды басқа кеден қызметкеріне жіберді. Мен жаңағы ұзын бойлы 
тексерушіге келдім. Жаңағы ағылшынша сөйлеп тұрған кеден қызметкері: 
«Сіз Жамбылдансыз ба?» дегенде, шалқамнан түсе жаздадым. Біздің қыздар 
да қасыма келе қалды. Сөйтсек, әлгі жігіт Жамбылда туып өскен немістің 
баласы екен. Туыстары біздің ауданда тұрыпты. Германияға көшіп барып, өзі 
Американың кеденінде қызмет жасайды екен. Бізді туыстарындай жылы 
қабылдап, өзінің туған жерін сағынатынын, бір барғысы келетінін, қолының 
тимейтінін айтты. Жұмысын да орындап, құжаттарымызды тексеріп, бізге ақ 
жол тілеп қалды. Ол жігіт өзінің жерлестерінің ап-адал екенін білетін шығар, 
мүмкін ата-аналарынан соғыс кезінде қазақ жеріне қалай келгенін, бауырмал 
халықтың қалай көмек бергенін талай рет естіген де болар?.. 
Енді Американың Чикаго қаласына бару үшін Атлант мұхитының 
үстіменен ұшатын болдық. Алла сақтасын, анандай үлкен, алып темір ұшақ 
жерден қалай көтеріледі деп ойлаудың өзі қорқынышты. Мұхиттың үстінен 
ұшып бара жатқанда, төмен қарадым. Айсбергтерді көрдім. Жан әке, онда да 
сені ойладым. Сенің шет елге баратын паспортты алғаның есіме түсті. 
Шешем: «Оны не қыласың? Шетелге бармақпысың?» деп еді, сен: «барамын, 
балаларым апарады» деп, бізге қарадың. «Барасың, апарамыз, немерелерің 
апарады, түк саспа, әке» дегенім есіме түсті. Мен сені аспанда ұшып бара 
жатқанда қатты сағындым. Жылап отырмын. Құдайдан аман қалдыршы деп 
сұрап отырмын. «Алтын әкетайым, аман болшы, аман болсаң әлі көп жерге 
барасың. Енді болды, жылда екі ай демалысым болады, шешем екеуіңді 
алып, барамын деген жерлеріңе апарамын» дедім. Америкаға барған соң үйге 
телефон шалдым. Шымкенттен Алматыға келіпсіңдер. Плеврит емес
«туберкулез» деп, ауруханаға жатқызыпты. Мен Америкадан: «қайдағы 
туберкулез, мүмкін емес» деп, күнде телефон шалып сөйлесіп жаттым. Әке, 
өзіңмен де, күнде сөйлесіп отырдым. Он күндей сол ауруханада жатып 


13 
қалыпсың, егер бірден диагнозыңмен жатқызса, кім біледі? Бәрі бір 
Жаратушының қолында ғой ...
Әке, әлемді аралатамын деген арманым да орындалмады. Жан әкем-ау, 
бірақ сенің атыңды әлде де шығарамын. Көресің «Гүлтас Сайынқызы» деген 
ат сенің барғың келген елдердің бәріне жетеді. Сенің рухың оны сезеді, егер 
сен сезсең, мен де сеземін. Дауыстар хабар береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет