Гүлтас сайынқызы


Қамшы сөз: Халықтың бетіне тура қарайтындай өмір сүріңдер!



Pdf көрінісі
бет5/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Қамшы сөз: Халықтың бетіне тура қарайтындай өмір сүріңдер! 
Әке, мен Америкадан 3 мамыр (2012 жыл) күні түнгі сағат 2-де ұшып 
келдім. Келе салып Индираға телефон шалдым. Сені аурухандан шығарыпты. 
Жағдай қиындау деді. Таңғы 6-дағы рейспен Ербол екеуміз Алматыға ұштық. 
Астанадағы Назарбаев Университетінің атқару кеңесi төрағасының 
орынбасары доктор Алмаз Шарманға телефон шалдым. Ол кісі Алматы 
қалалық Онкология ауруханасының бас дәрігерімен телефон арқылы 



сөйлесіпті. Алмаз Төрегелдіұлы маған телефон соғып, қалалық онко 
ауруханасына апарыңыздар деді. Света екеуміз бас дәрігермен сөйлесіп
келісіп, түстен кейін жатқыздық. Ертеңіне Астанадан Саят пойызбен келді. 
Сол күні ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің (КБТУ-дың) 
МВА магистратурасын бітіргендігі туралы дипломын алып келді. Саған 
көрсеткен екен: «Балам, больницадан шыққанда көрімдігіңді беремін» 
депсің. Саят: «Жарайды, ұмытып кетіппiн деп жүрме» депті. Алтын әкем-ау, 
сені немерелерің де керемет жақсы көретін. Немере жиендерің Дидар мен 
Саят, кенже қызың Индира үшеуі қасыңнан бір елі кеткен жоқ. Әке, саған 
ауруханаға қажетті заттарды алмақ болып көк базарға таксимен бара 
жатқанда Жуалының аудандық газетінің бас редакторы Мейірбек аға телефон 
шалды. «Гүлеке, естіген боларсыз, Батырбек бабаңыздың кесенесі бітуге 
таяу, аудан орталығында ескерткіші бой көтереді. Соған байланысты өзіңізге 
хабарласып жатырмын»,– деді. Мен өз құлағыма өзім сенбей, жылап 
жібердім. Әке, жылап жібергенімнің сыры мынада: 19 ғасырда өмір сүрген 
Батырбек Рысбекұлы халқы үшін, қазақтың ұлт болып сақталып қалуы үшін 
ерен еңбек сіңірген, тіпті батырлық көрсеткен ірі тұлғаның әділдік шешім 
күтіп жатқанына бір ғасырдан ұзақ уақыт болып еді. Мен жылда жаңа жылда 
Алладан тілек тілеп, оны жазып, сақтап қоятынмын. Соңғы он жылда да 
«Алла тағалла, Батырбек бабамның әділдігіне, тазалығына көз жететін жыл 
осы жыл болсын. Алла, бабамыздың рухын биік ете гөр» деп жазатынмын. 
Осы тілегімді Алланың қабыл алғанына шексіз ризашылығымды білдіріп
жыладым. «Мейірбек, аға, естімедім, сүйіншіңіз менің мойнымда. Менің 
әкем қатты ауырып, сол кісіні ауруханаға жатқызып жүрмін. Ертең Астанаға 
барамын, сонда хабарласамын»,– дедім. Әке, менің сондағы қуанышымды 
көрдің ғой, қуанып келіп, сені құшақтап, жаңалықты айттым. Сен де 
қуандың, бірақ сенің хабарың бар екен. «Қызым, мен больницадан шығайын. 
Содан кейін бабамыздың басына барамыз» дедің. Көзіңнен мейірім төгіліп
менің қуанышымды бөлістің. Мен дәрігерлермен сөйлесіп болған соң, 
ертеңіне Астанаға жұмысқа кеттім. Содан кейін 18 мамырда бардым. Сол 
күні Аграрлық университетте Есболов Тілектес аға Олжас Сүлейменовтің 
туған күніне арналған дәстүрлі конференцияны ұйымдастырып өткізді. Ол 
кісінiң проректорына бір күн бұрын Батырбек датқа туралы хабарды айтпақ 
болып, телефон шалып едім. Ләззат Өрнекқызы маған: «Алматыға келсеңіз, 
бізге келіңіз.Олжас Сүлейменов шығармашылығына арналған конференция 
болады. Сізді бағдарламаға кіргіземін, қалған әңгімені кездескенде 
айтармыз» деді. Мені айтқандай бағдарламаға кіргізіп қойыпты. Тілектес 
ағам менің келгеніме шын қуанды. Сахна төріндегі Олжас Сүлейменовтің 
қасына отырғызып қойды. Конференциядан шыққан соң, саған бардым. 
Әке, екеуміз көп әңгімелестік. Негізінде әңгімені сен айттың да, мен 
тыңдаушы болдым. Сонда тағы да өзіңді адамзаттық биіктен көрдім ... 
Ауылдағы кейбір ағайындардың Батырбек бабамыздың кесенесін тұрғызып, 
ескерткішін орнатып жатқанға қуана алмай жатқанын мұңайып айттың. Мен 
түзетіп жатырмын. Олар кесенесіне емес, ауылға атын беруге қарсы болып 



жатқан көрінеді. «Ауылдың берекесі кетті. Мен, балам, ауылдың адамдарын 
өмірімде бөліп көрген жоқпын. Барлығын бірге туғанымдай көрдім. Сол 
ауылдағы көкелерімді қандай сыйладым. Ал енді барлығымыз бір ауылда
Батырбек датқа сазының суын ішіп өстік қой. Сонда бір Дулат атаның 
балаларының бөлінетін не жөні бар? Менің сол ағаларымның көзі тірі, солар 
неге ақсақалдық сөзін айтпайды? 
Осыдан, қызым, аман-есен шықсам, ауылға барамын. Бәрінің басын қосып 
айтамын. 
Ауылдың аты 70 жыл орыстың Самсоновка дегенімен де аталды ғой. 
Қарсы болса, сол кезде неге қарсы болмады, ескерткішті кімге қоймай 
жатыр? Орыстың киносының әртістеріне де « ... в Жамбул хочу, там тепло, 
там моя мама» деп айтқаны үшін де Таразға ескерткіш қойыпты ғой. Сонда 
өзің айтып отырсың Батырбек датқаның ерлігін, ел үшін басын бәйгеге 
тіккенін, мешіт, медресе салдыртқанын, елге пана болғанын сондай 
бабамыздың еңбегі кинодағы әлгі әртіс айтқан үш сөзден де кем болғаны 
ма?» 
Әке, сен ауылға барамын деген арманыңа жете алмадың. Бірақ Алланың 
шексіз құдіретіне сенемін, жан әке сен Батырбек бабамның рухымен сөз жоқ 
кездестің деп ойлаймын. Өзің ұқсаған Дәу бабаң арқаңнан қағып: «Түк те 
етпейді. Алладан сұраймын, Алла олардың пендешілігін кешсін. Аман 
болсын, көбейсін» деген шығар. Сенің де жүрегің даладай кең еді ғой ... Әке, 
сен де кешір. Ағайынның азары болса да, безері болмайды. Ағайынды өкпеге 
қисаң да, өлімге қимайсың деуші еді апам. (Халықтың сөзі ғой, бірақ менің 
апам көп айтатын). 
Бабамыздың кесенесі де, ескерткіші де керемет болды. Ашылу жиынына 
мені аудан басшылары арнайы шақыртыпты, бардым. Ас беріліп, Құран 
оқылды. Алақанымды жайып, Алладан өткендерге де, тірі ағайындарыма да 
иман тіледім, береке-бірлік тіледім. Әке, сен менің жүрегімде болдың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет