Клетка биологиясы docx


VI-ТАРАУ КЛЕТКАЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Клетка биологиясы.docx

VI-ТАРАУ КЛЕТКАЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ЖОЛДАРЫ
Клеткалар санының көбеюі негізінен клетканың бөлінуінен басталады. Клетка
бөлінер алдында хромосома жəне ДНК редупликациясы жүреді. Бұл қүбылыс прокариот
жəне эукариот клеткаларына ұқсас. Клетканың екі бөліну аралығын клетка циклі деп
атайды. Бұл аралық əр клеткада əр түрлі жүреді. Мысалы, бактерия клеткаларында 20—30
мин. Қарапайымдыларда бұл уақыт ұзақтау. Инфузория бір тəулікте 1-2 рет, амеба 1,5
тəулікте бір рет қана бөлінеді. Сонымен клетка циклінің ұзақтығы клеткалардың түріне
жəне оны қоршаған ортасына, əсіресе, температураға байланысты.
Көп клеткалы организмдер клеткаларының бөліну қабілеттілігі əр түрлі болып
келеді. Жас эмбриональ организмнің клеткалары жылдам бөлінсе, есейген организм бұл
қабілеттілігін жоғалтады. Адам организмінің барлық клеткалары бірдей бөлінбейді.
Организмді жаңартып отыратын клеткалар (дəнекер ұлпаның клеткалары, қан, эпителии,
жілік майының клеткалары, көк бауыр) тез бөлініп, өлген клеткалардың орнын басып
отырады. Нерв клеткалары бөлінбейді. Клетканың өмір сүру ережесін түсінуде клетка
циклін тереңірек білген абзал. Клетка циклі негізінен төрт бөлімнен тұрады: негізгі митоз


(М), пресинтетикалық (G1), синтетикалық (S) жəне постсинтетикалық (G2)*G1, S, G2
бөлімдері — интерфаза кезеңі немесе клетканың бөлінуге дайындық кезеңі болып
саналады. Пресинтетикалық (G1) кезеңде — клетка өседі жəне ДНҚ синтезіне дайындық
жүреді. Клетка өскеннен кейін ғана бөліну процесі басталады. G1 кезеңінде ферменттер,
РНҚ жəне белок синтезделеді. S — кезеңінде РНҚ синтезі күшеюіне байланысты
ДНҚ-ның мөлшері көбейеді, ал G2— кезеңінде ДНҚ-ның көбею мөлшері өзінің деңгейіне
жетеді. G2— кезеңінің аяк кезінде хромосомның тығыздалуына байланысты РНҚ синтезі
азаяды да, ал митоз кезінде толық тоқталады.
Көбею тірі организмдерге тəн қасиет. Прокариот клеткалары күрделі аппарат
құрмай-ақ қақ бөлінеді. Мұндай жағдайда ДНҚ молекуласы жас клеткаларға шамамен тең
беріледі. Эукариот организмдері -митоз, амитоз жолдары арқылы көбейеді.
Митоз
Клеткалардың митоз жолымен бөлінуі. Митоз 4 фазаға бөлінеді: профаза, метафаза,
анафаза, телофаза. Осы фазалардың ұзақтығы əр клеткада əр түрлі жүреді.
Профаза. Интерфазаның G2 кезеңінен кейін профаза басталады. Профазаның
бастапқы бөлімінде жіңішке жіпше тəрізді хромосомалар пайда болып, олар бірте-бірте
тығыздалып, жуандап барып қысқарады. Бұл процесте хромосомалар спиральданып
ширатыла бастайды. Профазаның орта бөлімінде əрбір хромосома шиыршықталған екі
жіпшеден - хроматидтен тұрады. Хромосомалдардың тығыздалуына байланысты ядрошық
жойылады. Сонымен қатар ядро қабаты жəне ядро порлары бұзылып, ұсақ фрагменттерге
бөлінеді. Цитоплазмадағы түйіршікті эндоплазмалық тордың ыдырауына орай белок
синтезі төмендейді. Профаза кезінде центрольдар полюстерге қарай тартылады. Екі
полюстердегі центрольдердің аралығында жіңішке ұршық жіпшелері түзіледі. Кейбір
жоғары сатыдағы өсімдіктер жəне қарапайымдыларда ұршық жіпшелері центрольдерсіз
пайда болады. Профазаның аяқ жағында кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді.
Метафаза митоздың 1/3 бөлімін алады. Хромосомалар ұршық жіпшелерінің
экваторына.
Экваторға жеткеннен кейін хромосомалар бір жазықтыққа орналасып, оның
əрқайсысына ұршық жіпшелері жабысады. Хромосомалардың экватор бөліміне
орналасуын метафаза пластинкасы деп атайды. Өсімдік клеткаларында метафаза кезінде
хромосомалар экваторда ретсіз орналасады.
Анафаза митоздың ең қысқа кезеңі болғандықтан, клеткада көп өзгерістер жүреді.
Анафазада əрбір хромосоманың хроматидтері клетканың полюстеріне ажырай бастайды.
Хромосомалардың полюске жылжуы біркелкі, жылдамдығы 0,2 - 5 мкм/мин. Сонымен
анафазаның ерекшелігі ұқсас хромосомалардың клетканың əр полюсіне ажырауы болып
саналады. Хромосомалардың полюске жылжуына центромер бөлімі мен кинетохор ықпал
етеді. Хромосомалар жылжыған кезде V — тəрізді иілген ұршық жіпшелер керіп тұрған
центромерлермен бірге алға жылжиды.
Телофаза. Телофазаның бастапқы кезеңінде хромосомалар полюстерге толық жетіп,
олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар бастапқы дұрыс пішінің жоғалтып,
ширатылып барып ұзын жіпшелерге айналады. Сонымен хромосомалар интерфаза
хромосомаларының қалпына келе бастайды. Телофазада ядрошық жəне ядро қабықшасы
пайда болады. Бұл кезеңде клеткада ядрошық аймағында РНҚ жəне белоктардың
мөлшерлері көбейеді. Телофазада митоз аппаратының жойылуымен, ядрошықтың қайта
құрылуымен қатар клетка денесінің бөлінуі жүреді. Бұл процесті цитотомия немесе
цитокинез деп атайды. Осы процестің салдарынан цитоплазма бөлінеді де, соның
нəтижесінде, екі жас клетка пайда болады. Бұл клеткаларда бастапқы аналық
клеткалардың хромосомаларына ұқсас хромосомалар пайда болады, демек екі жас
клеткалардың ядроларында хромосомалар дəлме-дəл бөлініп беріледі.
Амитоз


Амитоз—дұрыс бөліну, бұл процесс үршық жіпше- лерінсіз жүреді. Хромосома
шиыршықтанбайды клетка- ның ядросы ұзарып ортасынан бөлінеді де бір клеткадан
екі ядро немесе екі ядросы бар клеткадан ядросы бар 2 клетка пайда болады.
Амитоздың 3 түрі болады; генеративті, дегенеративті жəне реактивті. Генеративті
амитоз көбіне қарапайым организмдерде болады. Ол эндомитоз түрінде жүреді де
хромосома шиыршықтанбайды. Хромосомалар бір-бірінен ажырасып амитозды түрінде
ядро бөлінеді, ДНҚ жас клеткаларға бірдей беріледі. Мұндай жолмен бөлінетін қарапайым
организмдерде ядро бөліну алдында үлкейіп 40-қа дейін субнуклеус пайда болады,
олардың əрқайсысында толық ДНҚ кездеседі. Одан əрі аналық клетка фрагменттеліп,
көптеген жас клеткаларға бөлінеді. Олардың əрқайсысында 1 субьединицадан
(субнуклеус) болады. Дегенеративті амитоз митоз жолымен бөлінбейтін организмдерде
жүреді. Полиплоидия процесінде негізделген синтетикалық процесс күшейеді.
Дегенеративті амитоз көп ядролы клетканың пайда болуымен аяқталады. Алайда көп
ұзамай-ақ мұндай клеткалар өліп қалады, өйткені бұл генеративті амитозға қарсы процесс.
Регенеративті амитоз ұлпа жараланғанда клетканы активтілендіруге байланысты жүреді.
Бұл процесте клетканың ядросы тез бөлініп жəне тез жойылып отырады. Ал ұлпаның
қайтадан қалпына келуіне митоз процесі үлкен көмек көрсетеді.
Жануарлар ені өсімдіктердің əр түрінде хромосома саны тұрақты болады. Бұл
тұрақтылық митозға байланысты, себебі митоздың алдында ДНҚ синтезделеді жəне əр
хромосома екі еселенеді. Сома клеткаларының (дене клеткалары) барлығында хромосома
саны — диплоидты, ал пісіп жетілген жыныс клеткаларында тек жарым-жарты, яғни
гаплоидты болады. Хромосомалар санынын екі есе кемуі, тек қана пісіп жетілген жыныс
клеткаларында өтеді. Пісіп жетілу аймағындағы бөлінудің екеуі де мейоздың екіге бөлінуі
есебінен толады.
Мейоздың бөлінуі митоздарындай профаза, метафаза, анафаза, телофазаларды
қамтиды. Пісі жетілу аймағында болатын жыныс клеткаларындағы мейоздың бірінші
бөлінуі алдында ДНҚ синтезделеді, демек, хромосомалар екі еселенеді, əрбір хромосом
екі хроматидтен құралады.
Мейоз.
Мейоз екі сатыдан тұрады. Профаза өте жəй жүреді жəне ұзақ уақыт алады. Бірінші
мейоз профазасын бес сатыға бөлеміз: лептотена (жіңішке жіпшелер сатысы), зиготена
(жіпшелердің бірігу сатысы), пахитена (жуан жіпшелер сатысы), диплотена (екі жіпшелер
са-тысы), диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы). Одан кейін бірінші бөлінудің
метафазасы жəне бөлінудің басқа фазалары, екінші циклде жетілген жыныс клеткалары
пайда болды. Лептотена сатысында хромосомалардың саны диплоидты болады. Зигонема
жəне похинема
сатыларында хромосомалар
үлкейеді, хромосомалардың саны
азаяды. Гомологгы хромосомалар бір- біріне жақындап жұптанады да кезекке коньюгация
жəне кроссинговер процестері келеді. Диплотена сатысында хромосомалардың екі
хроматидтерден тұратыны жақсы байқалады. Əр бивалент төрт хроматидтен тұрады да
хиазма процесі жүреді. Диакинез сатысында ядрошық биваленттен бөлінеді.
Хромосомалар қысқарып хиазма центромерден басталып хромосоманың шетіне дейін
барады.
I Прометафаза — хромосомалар шиыршықтанып ядро қабығы жойылады, ал
метафазада хромосомалар экваторға жиналады.
I Анафаза — жас хроматидтердің, əр гомологты хромосомалардың центромерлері
арқылы полюске ажырайды. Анафазада гомологты хромосомалар бөліктерін ауыстырады.
I Телофаза — хромосомалар полюске жетеді. Мейоздың бірінші бөлімінде жас
клетка пайда болады.
Мейоздың екінші бөлімі.
II Профаза — ұршық жіпшелері пайда болады. П Метафаза
хромосомалардың саны сома клеткаларына қарағанда екі есе азаяды. Хромосомалар
экваторларға жиналады.


II Анафаза — екі жас хромтидтер қарама-қарсы ажырайды, сонда аталық
хромосомдар төрт ядроға бөлінеді.
II Телофаза— хромосомдар толық ажырап əр ядроға тең беріледі. Сонда əр ядрода
гаплоидты хромосом болады. Мейоздың маңызы төрт ядро құру, əрқайсысында бір
аталық, бір аналық хромосом болады. Мейозда кроссинговер процесі арқыы ген алмасады
жəне рекомбинация жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет