Клетка биологиясы docx


Клетканы зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет2/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Клетка биологиясы.docx

Клетканы зерттеу əдістері
Цитологияда негізгі қолданылатын əдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы
жылдары клетканы зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлері қолданылып жүр
(люминесценттік, фазасы қарама-қарсы, электронды микроскопты). Жарық
микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған жəне əр түрлі бояулармен боялған жұқа
кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5—7 микроннан
(мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары
арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс.


Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бөлінеді: материал алу жəне оны
бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге құю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту.
Микроскоптың көру қабілеттілігі қолданылып отырған жарық ағымына
байланысты жəне жарық ағынының 1/3 бөлігіне тең болады. Жарық толқынының
ұзындығы неғұрлым қысқа болса, микроскоптың көру қабілеттілігі соғұрлым артады. Егер
жарық толқынының ұзындығы 0,6 милли микрон (мкм) болса, микроскоптың көру
қабілеттілігі— 0,2 мкм— 1/3 ХО, 6 мкм — 0,2 мкм. Люмиесцент микроскопы ультракүлгін
жарық толқынымен жұмыс істейді, толқын ұзындығы— 0,27—0,4 мкм. Осындай толқын
препаратқа түскенде ол сəулені сіңіре отырып, өзінен жарық шығарады, бүл құбылыс
флюоресценция деп аталады. Шыққан жарық толқыны сінген жарық. Толқынына
қарағанда əрдайым ұзын болады. Кейбір заттар түскен жарық толқынының жартысын
сіңіріп, өзімен жасыл, сары, қызыл спектрді шығарады. Флюоресценция деп заттарды
ультракүлгін жарығымен шағылыстырғанда өзінен жарық бөлуін айтады. Оларға
пигменттер, витаминдер, майлар жатады. Кейбір заттарды флюрохром бояуларымен бояу
арқылы флюоресценцияны көруге болады. Мысалы, ДНК-ны акридин қызыл сары
бояуымен боялғанда клеткадағы дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) ашық жасыл сəуле
береді, ал рибонуклеин қышқылы (РНҚ) ашық қызғылт сəуле береді.
Бекітілгеннен кейін мүшелер бөліктерін концентрациясы жоғарлайтын спирттерде
ығыстырып, спиртті ксилолға, одан кейін ксилолды парафинге салады. Осылайша,
фиксацияланған ұлпа ауада қатып қалған тыгыз парафинге
айналады жəне оны кесуге болады. Қалындығы 5- мкм-дей кесіндіні арнайы кұрал
микротом арқылы дайындайды. Мұндай кесінділер заттық шыныға бекітіліп, парафин
ксилолда ерітіліп,кұрамынданы су спиртпен ытыстырылады.
Содан кейін кесінділерді суда еритін бояулармен бояуға болады. Тұрақты препараттар
дайындау үшін боялған кесінділерді əйнек арқылы қанадалық бальзаммен жабады, бұндай
препараттарды ұзак уакытқа дейін сақтауға болады. Бекітілген ұлпалар мен клеткаларды
бояу үшін, əртүрлі табиғи жəне синтетикалық бояулар пайдаланады. Табиғи бояулармен
(гемотоксилин кармин т.б.) кешенді қосылыстар түзетін əртүрлі металдардың
қышқылдары қолданады.
Синтетикалық бояуларды қышқылды жəне негізгі деп бөледі. Негізгі бояуларда
сілтілік касиетін анықтайтын, кұрамында амин топтары болатын тұздар негіздері болады.
Мұндай бояулар клетка кұрылымында қышқылдық топтармен тұзды байланыстар
кұрайды. Қышқылдық бояулар кұрамында гидроксильді топтар немесе $O,OH топтарынан
кұралады. Негізгі (сілтілік) касиетті клетка кұрылымы қышқылдық бояулармен
байланысын ацидо- немесе оксифильді деп атайды.
Клетка бөліктерін əртүрлі түске бір мезетте бояйтын түрлі бояулар коспалары
қолданылады. Осындай бояуларды пайдалана отырып, тек клетканың морфологиялық
айкын суреттемесіне қоса оның химиялық кұрлымы жайлы мағлұматтар алуға болады.
Ерекше химиялық заттарды анықтайтын бояуларға гистохимиялық жəне
цитохимиялық бояулар жатады. Цитохимиялық талдау əдістері өте көп.
Цитохимиялық реакцияға мысал ретінде ДНК-та қолданатын кең таралған
Фельген реакциясын айтуға болады. Маңыздылығы, тек ДНК-да спецификалық
қышқылдық гидролизден кейін, дезоксирибоза пуриндердің ұсакталуынан альдегидті
топтар пайда болады. Бұл топтар арнайы индикатормен, Шифф реактивімен қызыл түс
береді. Бұл бояу арқылы ДНК-ны, оның санын анықтайды. Жеке амин қышқылдарымен
(тирозин, триптофан, аргенин т.б.) реакциялар арқылы белоктардын таралуын анықтауға
болады. Липидтер мен майлар клеткаларда жақсы еритін арнайы бояуларды айкындайды.
Цитохимиялық реакциялар арқылы ферменттерді анықтауға болады. Бұл
реакцияның жалпы принципі - микроскоп арқылы белокты ферменттердің өздері емес,
өнімдердің белсенділіктерін анықтайтын таралу аймақтары көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет