28 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда немесе
сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың намысын жану мақсатында айтылған
отты ойларын «…өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей
қоймайтынын түсінуге тиіспіз… қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі»,
«..өз тілімізбен өмір сүрейік!» – бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да
оңайлатып айтайын: «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», қазақ тілінің айқын келешегі мен
алар орнын «… Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мем-
лекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады»
деп көрсетіп, нақты тұжырымдар арқылы атқарылар істің жүйелі де жоспарлы жүргізілуін,
басты мақсат-міндеттерін белгілеп берді. Елбасының қазақ тіліне байланысты айтылған
орынды сөздері санаға сәуле түсіріп, барша жұрттың қазақ тіліне деген қадамдарын жедел-
дететін уақыт болды.
Халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстан-
ның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті
шындыққа
айналары сөзсіз
Достарыңызбен бөлісу: