Гүлдархан Смағұлова
ф. ғ. д., профессор,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЗІРГІ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Basic modern directions of the Kazakh language are using in the article. According to the his-
torical evidences, the language policy of Kazakhs had the system and legislation. Today the correct
decision of the language situation in Kazakhstan depends on the educational program of kinder
gardens, secondary, high schools.
Қазақ тілі қазір ғылым мен білімінің, ақпараттың, мемлекеттік ісқағаздарының, әлеу-
меттік-мәдени қарым-қатынастың тіліне еркін араластын деңгейге толық жетті деп, кесіп
айтуға болмайды.
Тарихи тұрғыдан алғанда, қазақтың тіл саясаты мемлекеттік жүйеге түсу кезеңінен-ақ
қалыптасқан заңдылық екеніне ешбір күмән келтірмейміз. Қазақ тілінің өз мемлекетіне, өз
еліне, өз ұлтына сан-салалы қызмет еткен тіл болғаны оның бүгінгі таңдағы түркі тілдерінің
ішіндегі ең бай, ең құнарлы, әрі көркемдігін толық сақтағандығына дәлел бола алады.
Бүгінгі тіл саясатында болашаққа барлау жасай отырып, бүгінгі қоғам өмірінің коммуни-
кациялық актісіндегі мемлекеттік тілдің жұмсалу ерекшелігіне жүйелі де принциптік түрде
қолдау көрсетілмесе қоғамның даму векторына сәйкес қазақ тілінің перспективалық дамуы
екіталай. Сондықтан, қазіргі жағдайда халықпен тікелей араласатын алдымен жергілікті
атқарушы органдардың жұмысы туралы айту керек.
Қазақстанда тіл мәселесінің оңтайлы шешілуі мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы
орта білім беретін мектептердегі және жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне
де тікелей байланысты.
Тілдің қолданыстық қызметінің негізі – оның жойылып кетпеу қаупіне, өмір сүру
ұзақтығына тікелей әсер етеді. Адамның ана тілінде сөйлеуі мен тілді игеру қабілеті жас
кезінен басталатындықтан тілдік саясатты осы кезеңмен байланыстыра қалыптастырған
орынды. Өйткені ана тілінде ақпарат беретін, білім беретін балабақшалар мен мектептер,
жоғары оқу орындары арқылы туған тілде тілдік сана мен тілдік ортаны өз дәрежесінде
қалыптастыратыны белгілі. Осыған орай, соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы
қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалардың санының артуы қазақ тілінің қоғамдық
белсенділігін арттырып, ел аумағында тілдік ортаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп келеді.
Қоғам өмірінің барлық саласында толық қанды қызмет атқару мәртебесіне ие мемлекттік
тілдің бір қыры салалық мамандарға арналған терминологиялық лексиканы қалыптастыру
мен дамыту болып табылады.
Мәселен, халықаралық қызметтегі мемлекеттік тіл қолданысы жақсы нәтижелер
беріп келеді. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда
оның ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі
тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен байланысты екендігін көрсетеді. Тілді кәсіби
Достарыңызбен бөлісу: |