Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет39/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Жанар Әбдіғаппарова
ф. ғ. к., ассистент-профессор
Назарбаев университеті
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА 
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ СІҢІРГЕН ЕҢБЕКТЕРІ
In this article the author addresses the importance of developing the concept of national idea. He 
discusses the fact that establishing national idea had begun in the period of Turks, that in the beginning 
of XX century Alash intelligentsia proposed a new way of developing the concept of national idea, addi-
tionally the author makes a good reflection on works that Alash intelligentsia made in this way.
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын 
көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» 
Н. Ә. Назарбаев
Ұлттық идеяны қалыптастыру сан ғасырлар бойы отаршылдық пен тоталитарлық жүйенің 
езгісінде өмір сүрген халықтың сол жүйенің ықпалымен мәдени деформацияға ұшыраған ұлттық 
құндылықтарды қайта жаңғырту, жандандыру, мемлекеттік деңгейдегі ұлттық идеяның негізін 
құрайтын, діңгек болатын руханиятын қайтару, кезінде тыйым салынған халықтың тарихи 
өткенін тұтастай қайта қарап, жан-жақты зерттеулер жүргізу арқылы талдап, қалпына келтіру 
секілді міндеттерді өзіне жүктейді.
Еліміз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде алдымызда тұрған үлкен бір мәселенің 
бірі – жаңа заман талабына сай, ХХІ ғасырдағы қоғам дамуының сұраныстарына жауап бере ала-
тындай ұлттық идея жасау мәселесі және оның қоғам өміріндегі орнын анықтап, рухани дамуы 
мен идеологиялық қызметтерін кеңейту қажеттілігі туды.
Жалпы ұлттық идеяның қалыптасуы сонау көне түркі дәуірінен бастау алады. Ғалым Қаржаубай 
Сартқожаұлының зерттеулерінде: «Осылайша түркі билігін орнықтырып, салтанат құрдық. Аш 
құрсақты тоқ еттік. Шығай (кедей) халықты бай еттік. Дүйім түрік оғыз халқы, бектері тыңдаңдар! 
Қара жер қақ айрылып кетпесе, түрік халқы еліңді, билігіңді, (мемлекетіңді) кім құртады?! 
Жұдырықтай жұмыл! Өткеніңе өкін! Түрік халқына бірлік, билігіне қанағат, бектеріне нысап 
керек!», – деп тасқа қашап жазып қалдырғанын айтады. Бұл идея түрік қағанатын орнықтыруға 
атсалысқан Тұй-Ұқық есімімен тікелей байланысты айтылады. Осы ұлт бірлігін, мемлекетінің 
тұтастығын ұрпақтарына аманаттап, мәңгілікке сақтап қалуды мұрат тұтқанының дәлелі. Содан 
бері қанша уақыт өтті, небір тарихи жағдайларды басымыздан кештік.
Қазақ халқының ұлт ретінде жер бетінен жойылып кету қаупі төнген ХХ ғасыр басында алаш 
қайраткерлері ұлттық идея қалыптастырудың жаңаша бағытын ұсынды. Қазақстан Республи-
касының осы күнгі жерінің тұтастығын сақтап қалуы үшін алаш зиялылары Әлихан Бөкейхан, 
Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермековтердің еңбегі орасан зор. Олардың кеңес үкіметі басшы-
ларымен жүргізген келіссөздері кейін Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын 
құру кезінде елдің аумағын белгілеуде оң нәтижесін берген. Алаш зиялылары мемлекет толықтай 
экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу керек деп санады. Оны Ә. Бөкейханның «Қазақтың 
жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, 
киілуі керек» деген сөзінен байқаймыз. Әрине экономиканы көтеру үшін сапалы маман керектігін 
де естен шығармады. «Басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. 
Білімді болуға – оқу керек! Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің 
жолында жұмыс істеу керек!» деп жазған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының пікірі бүгінгі 
күні де өзектілігін жойған жоқ. Алаш зиялыларының идеялық мұрасын терең зерттеп, ұрпақ 
санасына сіңіріп, бүгінгі күннің қажетіне жаратып, болашаққа даңғыл жол сала білсек біз шын 
мәнінде Мәңгілік ел боламыз.


46 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет