Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет37/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Ф. Н. Жұмабекова
п.ғ.к, доцент
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІН» ДАМЫТУ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ 
ПАРЫЗЫ
This article «Eternal eternal language of the country,» the development of kindergartens
schools and attitude toward the native language of the future as the duty of specialists, increasing 
the responsibility of a number of issues are considered.
Ел мен Тіл – егіз ұғым. Мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын Мәңгілік тілі 
болуы шарт. Елбасы өз жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге 
тоқтала келіп, «енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен 
бірге Мәңгілік тіл болады.
Біріншіден, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға 
тиіс. Ол отбасынан басталуы шарт, бүгінде ата-аналарымыз балабақшаға баласын әкелгенде 
өздері балаға орысша сөйлеп тұрады, тәрбиешіге «мына балаға қазақша үйретіңіз» деп талап 
қояды, ол сыңаржақ, біржақты болса одан еш нәтиже шықпайды, ана тілінің кәусарынан бала 
іште жатқанда ауызданып, жүрек тілін-ана тілімен танып барып, жарық дүниеге келгенде ол 
әрі қарай жалғасын табуы керек.
Екіншіден, мектептерде ұстаздар қауымы оқушылардың ана тілінде сөйлеуіне мән беріп, 
туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлеуге жол бермеу керек.
Үшіншіден, жоғары оқу орындарында болашақ педагог мамандардың кәсіби даярлығын 
шыңдауда ана тілінде сөйлеу мәдениетін дамытуға ұдай көңіл бөліп, ана-тілін ардың өлшемі 
деп танып, тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын ылайлау деп түсініп, ең жақсы 
адам – ол өз ана тілін құрметтеген адам деп білсе екен.
«Ана тілімізді – Мәңгілік тіл ету өз қолымызда» – мәңгілік елмен бірге жасайтын мәңгілік 
тілін дамытуға, ұлы мақсаттарға жетуде еліміздің ертеңіне сеніммен қарайтын мамандар 
даярлауда рухы биік азаматтар туған тілімізбен бірге жасайтын болсын.


44 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет