Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет38/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Гүлжан Досжан
PhD доктор, доцент
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ 
ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
In this article the ecolinguistical aspects of modernization of the Kazakh language in the con-
text of globalization is widely analyzed. The author put forward a number of constructive recom-
mendations for development of the Kazakh language.
Тілдік құбылыстарды зерттеуде соңғы кездері кеңінен қолданыла бастаған лингвистика-
ның интегративтік бағыттарының біріне лингвоэкология жатады. Жаһандану және ақпарат-
тандыру процестерінің қарқынды жүріп жатқандығын және осы үдерістердің қазақ тілінің 
лексикалық және терминологиялық жүйесіне әсерін лингвоэкология тұрғысынан зерттеудің 
маңыздылығын атап өткен жөн.
Шыны керек, қазіргі таңда әлемдік тілдердің, әсіресе, ағылшын тілінің қарқынды да-
муы көптеген халықтардың тілдік ортасын тарылтуда. Тіпті, әлемде өз ана тілін жөнді 
білмейтін, есесіне ағылшынша жетік білетін адамдар саны артып келеді. Бұл үрдіс соңғы кез-
дері Қазақстан қоғамында да байқала бастады. Мәселен, мектепке дейінгі немесе орта білімді 
орыс және ағылшын тілдерінде алған жастардың кейбірі қазақ тілінде сөйлей алмайды. Осы 
ретте олардың лексикалық қорында төл сөздерге қарағанда кірме сөздер көптеп кездеседі. 
Сәйкесінше, мұндай адамдар өзінің ұлттық тілдік-коммуникативтік кеңістігінде шетелдік 
адамның күйін кешіп, бойына өзінің ұлттық мәдениетіне қарағанда өзі жетік білетін тілдің 
мәдениетін сіңіріп, осылайша қазақ тілдік ортасына шетел сөздерін күнделікті тасымалдаушы 
рөлін атқара бастайды.
Тіл білмейтін адамдардың қатары артқан сайын қазақ тілінің қолданыс аясы тарылып, 
ұлттық тілдік ортаның дағдарысы арта береді. Себебі, қазақ тілін білмейтін қандастарымыз 
қазақ тілін білетін отандастарымызбен коммуникацияда өзге тілді қолданып, әңгімелесушінің 
қазақ тілін қолдануына кедергі жасайды. Тұлғалық-психологиялық фактордан туындаған 
мұндай кері құбылыстар қазақ тіліне өзге тілден кірме сөздердің ассимиляцияланбай енуіне 
негіз болып, ұлттық тілдің ішкі лексикалық жүйесіне кері әсер ете бермек.
Осы ретте тіліміздің экологиясын сақтап қалу мақсатында әлеуметтік-тілдік кеңістігімізде 
тереңдеп бара жатқан тілдік орта дағдарысын еңсеру үшін қазақ тілін барынша кең қолдануға, 
оған деген қажеттілік факторларын арттыруға, төл тілдің әлеуметтік мәртебесін арттыруға 
мемлекеттік деңгейде шаралар қабылдау қажет.
Қазақ тілін білім беру саласынан, яғни бала-бақшадан бастап, мемлекеттік басқару сала-
сына дейінгі қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолдануды көздейтін кең көлемді 
лингвоэкологиялық шаралардың нәтижесінде ұлттық тілдік орта қалыптасып, қазақ тілінің 
лексикалық және терминологиясында кездесетін мәселелер өздігінен шешілері анық.


| 45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет