Ерназарова З. Ш.
ф. ғ. д., профессор
КИМЭП Университеті
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ»
КОНЦЕПТІСІНІҢ КОГНИТИВТІ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ
The study examines the cognitive structure of the concept «the Kazakh language» in the con-
tents of educational programs and in the cognition of learners from dynamic development perspec-
tive and with application of the method of semantic-cognitive analysis. As a result of this analysis,
cognitive characteristics representing this concept are defined.
Әлеуметтік ғылымдардың қазіргі даму деңгейінде ұлттық дүниетаным құндылықтарын,
концептуалды жүйесін анықтау, орын алып отырған өзгерістер мен жаңарулардың сипатына
талдау жасау өзекті болып отыр. Тәуелсіздік алумен қалыптасқан маңызды тарихи кезең
мемлекетіміздің экономикалық –саяси дамуының ғана емес, ой-санадағы ұлттық дүниетаным
мәдениетінің сақталуы мен өзіндік даму жолын анықтауда үлкен міндеттер жүктеп отыр.
Еліміздің көпұлтты сонымен байланысты көптілді сипаты халық танымында тілдер ту-
ралы құрылымы күрделі, көпдеңгейлі білім жиынтығын – тіл туралы концептуалды жүйені
ұзақ жылдар бойы қалыптастырды.
Когнитивті және лингвомәдениеттану тіл білімі салаларындағы концепт туралы қалып-
тасқан ғылыми ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, білім беру бағдарламаларынының
мазмұнындағы қазақ тілі пәніне қойылған міндеттерге фреймдік семантика әдісімен талдау
жасау қазақ тілі концептуалды жүйесі – ұлт тілі, мемлекеттік тіл ретінде –білім беру тілі,
ұлттық –тарихи – мәдени ақпаратты сақтаушы, жеткізуші, ұлттық менталитетті қалыпта-
стырушы сияқты фреймдерді анықтады.
Тіл үйренуші студенттер арасында қазақ тілі концептісіне байланысты жүргізілген ассо-
циативті сауалнаманың қорытындылары қазақ тілі концептуалды жүйесінің негізінде жатқан
когнитивті модельдерді анықтауға көмектеседі. Қазақ тілін екінші тіл ретніде оқыту үдерісі
барысында тілдік бірліктер туралы берілген ақпарат тіл үйренушінің өз ана тілі, шет тілі туралы
танымда қалыптасқан білім жиынтығының жүйесінен, өлшемдерінен өтіп, концептуализация-
ланады, категориязацияланады. Концептуализациялау үдерісі сөйлеуші адам тұлғасымен, оның
аялық білімімен байланысты жүзеге асады. Соның нәтижесінде студенттің танымында бар
өз ана тілі туралы тілдік білімі де жүйеленеді. Көптілді тұлғада тілдер туралы концептуалды
жүйе – жұптық, үштік –сипатта қалыптасып, жүйелік ұйымдасуында ерекшеліктер орын алады.
Қазақ тілі концептісі ұлттық дүниетаным мәдениетін анықтайтын бірнеше тірек кон-
цептілермен байланысады. Олар – ауыл, туысқан, Отан, патриот деген концепілері. Қазақ
тілі концептісі тілдің құрылымы мен жүйесі туралы білімнің жиынтығы ғана емес, мем-
лекеттілік, отан, ел халық концептілерінің өрісімен байланысқан күрделі жүйені құрайды.
Сонымен қатар сауалнама қазақ тілін оқумен байланысты ерік, бостандық концептілерімен
байланысты қарама- қайшылықтардың барын да анықтады.
Қазақ тілін оқытуда мазмұнында когнитивті –лингвомәдени аспектілерді ескерумен қатар,
тіл үйренушінің жеке тұлға ретінде дербес іздену, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға баса назар
аударылу керек.
8 |
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |