Гүлтас Құрманбай
п. ғ. д., профессор
Назарбаев Университеті
НӘТИЖЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН ОҚЫТУДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ СИПАТТАРЫ
The result-oriented study in the Kazakh language at NU follows the European classification
of language knowledge levels. The students prove their points with consistent arguments in their
research works. Emotional debates and discussions sometimes happen in the classroom. These de-
bates and discussions then lead to achieving results.
Назарбаев Университеті жастарға инженер, дәрігер, математика, жаратылыстану, экономика,
халықаралық құқық, т. б. мамандықтарын береді. Мұнда қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
жоқ. Бірақ бұл пәндер барлық студенттер оқитын негізгі пәндер қатарына жатады. Себебі НУ
еліміздің интеллектуалдық қуатын құраушылардың көшбасшы легін дайындауға бағдарланған,
әлемдік деңгейдегі білім беретін халықаралық университет. Сол себепті де әлемдік деңгейдегі
кәсіби білім алған маман өз елімізде қызмет жасауда оған бірінші көмек қолын созатын ол – ТІЛ,
яғни, қазақ тілі. Сонымен қатар, халықаралық қатынаста орыс тілі мен ағылшын тілі де қажет.
НУ- студенттеріне қазақ тілі Еуропалық базалық, қарапайым, жалғастырушы, жетілдіруші
деңгейлер бойынша нәтижеге бағдарлынып оқытылады. Оқу жетістіктерінің міндетті деңгей-
леріне арналған оқу бағдарламалары, оқу материалдары мудульдік жүйеде беріледі. Білім алу
үдерісінде студенттердің курс таңдау мүмкіндіктері болады. НУ- да деңгейлік қазақ тілімен
қатар қазақ тілін ана тілі деңгейінде және В2 деңгейінде білетін студенттер үшін эллективті
таңдау курстары бар. Ол курстардың үлкен бір легі мамандықтарға ыңғайластырылған кәсіби
қазақ тілі болса, екінші бір легі студенттерді шығармашылыққа, рухани құндылықтарға,
шешен сөйлеуге, тауып сөйлеуге, тілдік кедергілерді жоюға арналған курстар. Бұл пәндердің
оқу бағдарламалары да, оқу материалдары да осы мақсатты көздейді. «Абай әлемі», «Қазақ
драмасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Алаш әдебиеті», «Қазақ музыка тарихы», «Қазақ
әңгімелері», «Риторика» курстарындағы сабақтардың негізгі нәтижелерінің бірі – осы пәндер
арқылы студент қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөз қолданысында бай тіліміздің сөз орамдарын,
мақал-мәтелдерін, ақын-жазушылардың, ежелгі ғұламалардың сөздерін орынды қолдана
білуге дағдыланады. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқытушы рөлінің өзге-
руіне байланысты оның сабақтағы қызметінің тұлғадамытушылық және тұлғатәрбиелеушілік
сипаттары артады. Оқытушы – алдындағы студенттің ашылмай жатқан талант көзін ашушы.
Студенттің әрекетінен кішкентай «жауһарын» тауып алып, оны дұрыс бағалау (асыра бағалау
емес) нәтижесінде, шығармашылық әлемге енгізіп жіберсе болғаны. Ол студент ғажап туын-
дыны өмірге алып келеді. Студенттердің креативті ойлауын, сыни көзқарастары мен пікірлерін
айта білу, жаза бідіу дағдыларын қалыптастыру да өте маңызды. Бұл студенттер ертең маман
болғанда да өзіндік көзқарасы, сыни пікірді айта алатын, өзі қабылдай алатын болу керек.
Сол себепті сабақ барысында студентке барлық жағдаяттан шығу жолдарын, шығармаға,
автордың пікіріне сыни көзқараспен қаруды да үйреткеніміз абзал. Мысалы «Абай әлемі»
курсында студенттер Абайға да қарсы болатын, көзқарастарымен келіспейтін тұстары болады.
Оны өздерінің ғылыми жобаларында дәйекті аргументтерімен дәлелдейді. Аудиторияда қызу
дебат, тартыстар өтеді. Сондай тартыстар арқылы нәтижеге қол жеткізеді.
Қорыта айтқанда, барлық пәннің мақсаты нәтижеге бағдарланып, креативті сипат алуы тиіс.
| 11
Достарыңызбен бөлісу: |