| 13
Юлай Шамилоғлұ
Виcконсин-Мэдисон және Назарбаев
Университетінің профессоры
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДИПЛОМАТИЯ ТІЛІ РЕТІНДЕГІ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
This paper begins gives a general overview of the use of Turkic languages in diplomacy until
1991. Following the declaration of independence of the Republic of Kazakhstan on December 16,
1991, as far as I know the first foreign treaty into which the Republic of Kazakhstan entered was
the «Lisbon Protocol of May 23, 1992, to the 1991 Strategic Arms Reduction Treaty». This paper
relates the story of how the Republic of Kazakhstan signed its first international treaty in the Kazakh
language.
Бірінші бөлім
Баяндаманың бірінші бөлімінде Кеңес Одағына дейінгі кезеңдегі дипломатия тілі ретінде
қызмет еткен түркі тілдері бойынша жалпы көзқарас ұсынылады. Қазан революциясынан
кейін КСРО-ның құрамында болған Орталық Азияның саяси бірліктері өздерінің сыртқы
істері бойынша дипломатиялық қарым-қатынастарын жүргізу құқығынан айырылды. Осыған
орай, КСРО-ның Сыртқы Істер Министрлігінің міндеті болып КСРО екі тарапты келісімдерді
жасағанда дипломатиялық хаттама негізінде келісімдерді орыс тілінде және қарсы тараптар-
дың тілінде бекітіп отырды.
Екінші бөлім
1991 жылы жағдай өзгерді, себебі Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында
егемендігін алған соң, осы жылдың 26 желтоқсанда КСРО-ның таратылғаны туралы бұйрыққа
қол қойылды. Менің білуімше, Қазақстан Республикасы жасаған ең бірінші халықаралық
келісім «1991 жылдағы Стратегиялық қаруларды шектеу бойынша келісімге 1992 жылы 23
мамырда Лиссабонда жасалған хаттама» болады. Беларус, Қазақстан және Украина өздерінің
ядролық қаруларын осы хаттаманың негізінде Ресей Федерациясына көшірмек ниетінде
болып, сосын хаттама Қазақстан Республикасының ядролық қарулардан бас тарту ресми
саясатының іргетасы болғаны белгілі. Айрықша жоспарға сәйкес хаттамаға Беларус Респуб-
ликасы атынан П. Кравченко, Қазақстан Республикасы атынан Т. Жукеев, Ресей Федерациясы
атынан А. Козырев, Украина Республикасы атынан А. Зленко, Америка Құрама Штаттары
атынан Джеймс А. Бакер ІІІ, тек қана ағылшын және орыс тілдерінде қол қоймақ болған. Бір
мезгілде бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған қол қоятын мемлекеттердің бірі тек қана
орыс тілінде қол қоюға қарсы келіп, хаттамаы өз мемлекеттік тілдерінде де бекітуді қалады.
Осы оқиға ішінде Қазақстан Республикасының қазақ тілінде жасаған бірінші халықаралық
келісімі туралы қызық әңгіме бар…
14 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ
ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: