82 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР
Қайта байланыс өз бетінше орындалатын жұмыстар, бақылау жұмыстары, тест бойынша т.б
тексеру арқылы жүргізіледі. Заманауи педагогикалық технологиялар және студенттердің жаңа
материалды қабылдау жағынан қарасақ, кейбір жағымды жағына қарамастан, бұл әдіс өте
тиімсіз болып саналады. Оқытушы үшін сабаққа дайындалу өте жеңіл және салыстырмалы
түрде аз уақытта көп материал беру мүмкіндігі бар.
Белсенді әдіс деп, оқу үрдісі барысында оқытушы мен студенттің белсенді қарым-қатынасы
танымдық әрекет арқылы ұйымдастырылуын айтамыз. Көптеген педагогтар белсенді әдіс
пен интербелсенді әдістердің ұқсас деген пікірде, алайда ұқсастығына қарамастан, олардың
едәуір айырмашылықтары бар. Интербелсенді әдісті белсенді әдістің заманауи түрі ретінде
қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: