84 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР
кеңейту, істеген ісіне тұжырым Мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа тех-
нологиялардың тиімді жолдарын іздестіру жалғасуда. Оқушылардың шығармашылықпен
жұмыс жасауына, сабақта пікір таластырып, өз ойларын ортаға емін –еркін сала отырып,
ашық айтуының да маңызы зор. Оқушылармен шығармашылық бағытта жұмыс жасаудың
ұтымды жағы:
• Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.
•
Ойлағаны мен оқығанын саралап, салыстыра біледі.
• Көпшілік алдында
шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.
• Оқуға, білімге,
ғылымға қызығушылығы артып, одан әрі дами береді.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімді болуына негізгі
пәндерді игеріп, сапалы білім алып, сауатты да қабілетті азамат болып шығуына ұстаздар
жауапты. Олай болса мұғалім үздіксіз білім жетілдіріп, ізденіспен жұмыс жасауы қажет.
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы адам қоғамының барлық
саласына
еркін кіріп, байланыстың аймағын кеңейтуде.
Қорыта келгенде инновациялық технологияларды қолдану барысында оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығының күрт арттатыны анық. Мұғалімдер де өздеріне қажетті
әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас
ұрпаққа сапалы білім беруде инновациялық технологияларды сабаққа пайдалану – оқытудың
жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға
бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды
компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп
ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: