| 83
3)
Мәдениеттаным құзіреттілігі қазақ тілі және осы тілде таңбаланған қазақ халқының
материалдық және рухани мәдениеті туралы білімді меңгерту арқылы қалыптасып, дамиды.
Бұл талдаулардан байқағанымыз, егер тіл үйренушіге грамматиканы ғана үйретер болсақ,
сөйлесім әрекеті шетте қалады, алайда грамматикасыз сөйлеу әрекетінің де болмайтындығы
назарда ұсталады.
Оқу үдерісінде мынадай негізгі инновациялық технологиялар белгіленген:
• Кейс –технология;
•
WEB технология;
• Коммуникациялық технология;
•
Ақпараттық технология;
• Интерактивтік әдіс технологиясы;
•
Мультимедия технологиясы;
• Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы.
Технологияның тиімділігі, оның болашақ маманның психологиялық ерекшелігіне,
іскерлігіне байланысты әсер етеді. Бұдан шығатын басты талап субъектінің мән бере оқуы,
жеке бастың даму диагностикасы, жағдайларды жобалау, ойлы ізденістер диалогы, оқулықтағы
тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беру. Оқытушы сабақ барысында оқытудың бірнеше
әдіс-тәсілдерін пайдаланғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: