Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет73/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Б. Б. Динаева
ф. ғ. к., доцент
КАЗГЮУ Университеті
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 
АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
This article describes the methods of application of the technology of critical thinking, as well 
as an analysis of ways of development of critical thinking through writing. The author focuses on 
the fact that the use of this technology in the process, students learn different methods of working 
with the information, learn to articulate their reasoning, to sum up, clearly expressing his opinion, 
to confirm it with logical arguments, clearly express their thoughts, to be able to carefully listen to 
his opponent. It is also said that the letter as a form of speech activity is the most effective method 
of teaching critical thinking.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. 
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуды меңгеруі, өзін-өзі құрметтеудің жоғары деңгейі, «мен» 
бейнесінің айқын қалыптасуына сыни ойлаудың болуы көмектеседі. Жазу – көрікті ойлардың 
көрінісі. Жазу үдерісі – күрделі үдеріс. Кез келген шығармашылық дүниені жазу, оны жарыққа 
шығару үшін әр адамда және студентте жазу дағдысының болуы қажет. Жазу дегеніміз жаңа 
нәрсе құрастыру, ол – конструктивтік әрекет, шығармашылық қабілет [1, 12].
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста эссе жазу маңызды 
қызмет атқарады. Эссе мәтіннің мазмұнын сапалы игеруге және күрделі интеллектуал-
дық-қатысымдық жазбаша пікір айтуға байланысты біліктерді қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Студент эссе жазуда кез келген өзекті мәселе бойынша өз ойын жазбаша логикалық 
сабақтастықта құрастырып, дәйектер мен қарсы дәйектер келтіреді, талдау жүргізеді, мы-
салдармен ойын бекітеді және қорытынды жасайды. Эссе жазуда студенттің ойлау үдерісі 
оқытушыға айқын көрінеді, себебі эссе жазу барысында студент өз бетінше дербес ойланып, 
өзіндегі барлық білім қорын жұмсайды. Оқылыммен жұмыс істеу кезінде ұжымдық жұмыс 
жүзеге асырылса, жазылым барысында студенттің жеке ойы қағазға түседі. Жақсы жазылған 
жұмыста берілген тақырыптың шешімі табылып, оқырманға мәселенің жауабы ұсынылады.
Эсседе әлеуметтік сипат болуы керек. Эссе жазуға кіріспес бұрын: «Мен неге және не 
үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым 
келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан 
қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?» деген сұрақтарға жауап беру керек сияқты. 
Қысқасы, эссе жазушы студент «оқырман (бұл жерде оқырман – оқытушы, топтағы студент-
тер) қалай қабылдайды екен?» деген ойды есінен шығармай, оқырманына бағдарлануы тиіс.
Әрине, студенттер үшін жазылым жұмысы оқу үдерісінің ең бір қиын да, күрделі бөлігі 
болып табылады. Жазба жұмыстарын тексеру оқытушылар үшін де оңай шаруа емес, деген-
мен де қазіргі кезде жазылымның қажеттігін уақыт өзі мойындатып отыр. Орта мектепті 
бітірушілер емтиханды ауызша немесе жазбаша тапсырмайтындықтан, ауызша сөйлеу мен 
жазба жұмыстарында қиындықтың болатыны түсінікті (яғни тестілеу жүйесінің тигізген 
әсері). Эссе жазу барысында миға шабуыл, дербес ойлану, өзі жазу, жазған жұмысын өңдеу
түзету, редакциялау және «жариялау» (жариялау дегенімізді жазған эссесін топта оқу деп 
түсінгеніміз жөн) сияқты жұмыстар жүзеге асырылады. Осы ретте жазылым сыни тұрғыда 
оқытудың аса тиімді тәсілі екенін, жазба жұмыстарын орындатудағы мақсат студенттің 
өзіндік шығармашылық ойлауын, сыни ойлай білуін дамыту және өз ойын жазбаша түрде 
сауатты бере білуге үйрету екендігін баса айтқымыз келеді.


| 81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет