Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет98/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Ақтөре Мансүров
студент, Л. Б. Гончаров атындағы
Қазақ автомобиль-жол академиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН
Language comprehension develops faster than language production, and many people can un-
derstand more of a specialized language than they can produce. Language comprehension would be 
easier if every word had just one meaning, but language is full of ambiguities or expressions with 
more than one meaning.
Ел болмайды өз тілінен безген ұлт,
Сыйламайды ел деп оны өзге жұрт.
Мәңгілік ел болу үшін онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы шарт. 
Яғни, ол тал бесіктен балаға берілетін – ана тілі.
Әл-Фараби бабамыз: «Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан 
жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Ендеше жастардың ортасында қазақ тілінің 
қолдану аясы қандай? Қазіргі жаһандану жағдайында қазақ тілін өзге ұлт жастарына наси-
хаттау қалай әсер етіп жатыр? Осы мәселелер бойынша ой өрбітсем.
Студенттер өз араларында ауылдық және қалалық деп бөлінушілік жиі болмаса да, 
анда-санда байқалып қалатынын айдан анық. Осыған байланысты қазақ тілі ауылдық жа-
стар ортасында күнделікті тұрмыстық жағдайда қолданады. Қарым қатынас кезінде көркем 
тілмен мағыналы және мәнді оймен, сондай-ақ астарлы сөзбен жеткізеді. Ал, қалалық жастар 
арасында қазақ тілінің шұбарлануы жиі байқалады. Сондықтан қалалық жастарды ауылға 
біріктіретін мемлекеттік жоба керек деп ойлаймын.
Жаһандану жағдайында қазақ тілін өзге ұлт жастарына насихаттау мақсатында:
1) Мемлекеттік тіл мәртебесіне және орыс тілділер арасында қазақ тілін үйрету мақса-
тында байқаулар өткізу;
2) Қоғамды түзейтін де, бұзатында БАҚ деп ойлаймын, сондықтан ұлттық баспасөздің 
сапасына қатты көңіл бөлу қажет;
3) Депутат Зейнолла Алшымбаевтың мәліметтері бойынша Қазақстандағы орыс тілді ба-
спасөз мемлекеттік тапсырыстың 75% ие көрінеді. Ендеше, қазақтың құндылықтары туралы 
пікірталастар, ұлттың дамуына қатысты нәрселер орыс тілді баспасөзде көбірек қамтылуын 
қолға алу керек;
4) Елбасының бастамасымен құрылған Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорын-
дағы «Soyle, iTys» сынды жобаларды өзге ұлт жастарына насихаттау мақсатында іс-шаралар 
ұйымдастыру;
Қорытындылай келгенде, біздің болашағымыз – ана тілінде. Сондықтан тіл тағдыры – ел 
тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!


108 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет