Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


Айткужина Іңкәр, Ғабдолла Азат, Құмарғазы Ұлан



Pdf көрінісі
бет99/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Айткужина Іңкәр, Ғабдолла Азат, Құмарғазы Ұлан 
Маратбаева Әйгерім, Нұрсадық Меруерт
Назарбаев университетінің студенттері
АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
This presentation is going to compare the ideologies of Alash Orda and Independent Kazakh-
stan, and is going to show that the latter was mainly based on the former. We compare the aims and 
programs of Alash Orda government and those of the government of Independent Kazakhstan, and 
detect that even the social image of Kazakh citizen built by Alash Orda is the same to the modern 
social image of Kazakhstani citizen built by Independent Kazakhstani state. We conclude by stating 
this continuing ideology through centuries having roots from Alash Orda and enhanced by Inde-
pendent Kazakhstan should motivate modern Kazakhstani youth to bring up this ideology further to 
the future generations.
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын 
нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындай-
тын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы 
ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді, әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса 
көтерілді. Ұлтқа деген құрмет, ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Біз 
осы мақаламызда Алаш орда өкілдерінің идеясы қазіргі тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идея-
сының іргетасы болып келгенін айқындайтын боламыз.
Біріншіден Алаш орда қайраткерлерінің білім беру жүйесіне және оқытылатын пәндердің 
білім мазмұнын жетілдіру үшін жасаған еңбектері мен қосқан үлесіне назар аударып, бүгінгі 
білім жүйесімен салыстыра отырып, талдау жасаймыз.
Екіншіден, қазіргі білім бағдарламасындағы Алаш әдебиетінің орны мен заманауи қазақ 
образының қалыптасуындағы маңызы талқыланады. Алаш өкілдерінің ат салысуы арқылы 
құралған және бүгінгі күнге дейінгі маңызы сақталған әлеуметтік институттар таныстырылады.
Үшіншіден, Қазақстан – 2050 бағдарламaсының мақсаттары мен Мәңгілік ел идеясы, 
Алаш орда өкілдерінің мақсаттары мен идеялары салыстырып, ортақ ұғымдар мен пікірлерді 
саралаймыз.
Содан кейін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған, мем-
лекетті нығайтуға негізделген «100 қадам» Ұлт жоспары мен Алаш үкіметінің төрағасы Әлиxан 
Бөкейxанның мақалалары негізінде сол заманда көтерген идеяларының үндестігін қарастыра-
мыз. Соның негізінде кәсіби мемлекеттік ақпарат құру, Заңның үстемдігін, индустрияландыру 
және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру деген 
5 институттық реформаны жүзеге асыратын 100 қадаммен Әлиxан Бөкейxан мақалаларында 
өз заманында көтерген өзекті проблемалалар мен қозғалған негізгі тақырыптар, көзделген 
мақсат пен қойған талаптардың ұқсас екендігіне көз жеткізе отырып, сараптама жасаймыз.
Қорытындылай келе, Алаш орда қайраткерінің болашақ ұрпаққа артқан сенімі және Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың сол сенімді тәуелсіз мемлекет құру арқылы ақтап, Қазақ елінің 
Мәңгілік ел болуы үшін жасап жатқан еңбектері арқылы Қазақстан жастарына мотивация 
мен ел дамуына жаңа серпіліс беретіндігін дәлелдейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет