Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет95/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Б. Керимкулова
магистр, ҚызМемПУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
The article is devoted to the study of legal terminology problems. Іn the article are given the 
сlassification of juridical terminology are specified according to: legal sphere of use; frequency of 
use in the language; sphere of terms’ distribution in the juridical science and practice; sector attri-
bution; degree of unambiguousness.
Терминология мәселелері – ғылымның ең өзекті және негізгі мәселерінің бірі. Өйткені 
ғылымның барлық салаларының жан – жақты дамуы терминология мәселелерімен тығыз 
байланысты, себебі қандай да бір жаңалық, жаңа ұғым, жаңа көзқарас терминмен белгіленіп, 
терминологиялық жүйеде өз орнын тауып отырады, соған сәйкес аталған ғылым саласының 
терминологиясы дамып, қалыптасады.
Ұлттық терминологияның қалыптасу тарихы ұлттық әдеби тілдің дамуымен тығыз бай-
ланысты. Көптеген қазақ ғалымдары (Ә. Қайдар, Ө. Айтпайұлы, Ш. Құрманбайұлы) термино-
логияның дамуы ХХ ғасырдың 20–30 жылдарының еншісіне тиесілі деп көрсетеді. Мысалы, 
А. Әбдірахманов қазақ тіл білімінде терминология саласының қалыптасуы туралы өзінің 
пікірін былай білдіреді: «Қазақ терминологиясының жасалуын, дамуын және қалыптасуын 
зерттеуді, біздіңше, Октябрь революциясынан бастау керек. Бұл кезеңде мал шаруашылығы, 
халық медицинасы, жер бедері, өсімдіктер дүниесі, т. б. салалардан жасалған халықтық кәсіби 
сөздер, атаулар болды, бұлар революциядан кейінгі дәуірде ғылыми терминологияға үлкен 
бір сала болып енгенін айқындау қажет» [1,23].
Заң терминдері жалпыға түсінікті тілде емес, белгілі дайындығы бар не белгілі бір сала 
қызметімен таныс жұршылыққа арналып, ресми стильде жазылады. Заң тіліне мәтіннің тура 
мағынада баяндалуы, нақты терминдер мен ұғымдардың, заңға тән қалыпты тіркестердің, 
құрылысы бір сөз орамдарының берілуі тән. Сол себепті де аудармада түпнұсқа мәтіннің 
стильдік ерекшелігі тұтас ескеріліп, сөз байлығын молынан пайдаланумен қатар граммати-
калық мәселелер, яғни орыс тілі мен қазақ тілі арасындағы грамматикалық сәйкессіздіктер 
жете ескерілуі қажет. Мәтінге қарай сөздердің орынын ауыстыру, қосу, түсіріп тастауды пай-
далана отырып, сөйлем мүшелерінің орналасу заңдылығын, қазақ тілінің әдеби нормасын, 
емле ережелерін сақтау талап етіледі.


| 105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет