Жазира Жұмабай
студент, Назарбаев Университеті
ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ
The research article describes the necessity and problems regarding the translation of tech-
nical papers in Kazakhstan. Also, it provides the evaluation of one technical textbook translated
from Russian to Kazakh. The requirements and criteria for translating the technical papers are dis-
cussed. Additionally, typical mistakes made by translators and appropriate versions of translation
are analyzed. Analysis is done by exemplifying certain areas of the translated book. The proper
citations of scientists who studied the phenomenon of translation are given in the article to verify
the stated claims.
Еліміздің өркендеуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – техника мен индустрияның қарқынды
дамуы. Сондықтан бүгінгі таңда қазақ жастарына техникалық мамандықтарды игеру аса
қажет. Бұл – заман сұранысы болып табылады. Аталған саланың мамандарын даярлау үшін де
арнайы оқу құралдарының қажеттілігі күн санап артуда. Бұл еңбектер бұрын көбінесе орыс
тілінде болса, қазір оларды қазақ тіліне өнімді аударып жүрміз. Жазылып отырған мақалада
құрылыс саласындағы оқу құралдарын аудару үдерісі талданады.
Аударма құбылысы – едәуір еңбекті талап ететін өзіндік өнер, әсіресе техникалық мәтіндерді
аудару оңай кез-келген аудармашыға оңай соқпасы анық. Әрбір сөздегі, әр сөйлемдегі ақпаратты
толықтай сәйкестікпен жеткізу қажет. Ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару ақпараттық
аудармаға жатады. Ең алдымен, техникалық оқу құралдарының ғылыми стильде жазыла-
тындығы туралы ұмытпаған жөн. И. Кашкиннің айтуы бойынша, аудармашының дербестігі
стильде көрініс табады және аудармашы ісінің басты мақсаты стильді түсіну болып табылады.
Сондықтан, жазылу жүйесі нақты, логикалық және дәл болуы тиіс. Сонымен қатар, әдеби тіл
нормаларының қатаң сақталуы және терминдердің дұрыс қолданылуы шарт.
Кейде аудармашылар кейбір сөздерді дәл түсінбегендіктен, оларды сәйкес келмейтін
сөздермен алмастырады немесе ұзақ сөйлемдерді жөнсіз қысқартады. Бұл техникалық оқу
құралындағы ақпаратты бұзады, оқырмандар теріс мәлімет алатын болады. Мысалы, «Рас-
стояние между температурными швами регламентируется соответствующими нормами про-
ектирования» деген сөйлемнің ішіндегі «температуралық» деген сөздің орнына «жылулық»
сөзін қолдану немесе нормалар және регламенттеу сөздеріне балама табу орынсыз болар
еді. Сондықтан бұл сөйлемнің дұрыс нұсқасы «Температуралық тігістердің арасындағы
қашықтық сәйкес жобалау нормаларымен регламенттеледі» болуы тиіс.
Терминдерді аудару ерекше ұқыптылықты және аса жауапкершілікті талап етеді. Фило-
логия ғылымдарының докторы Ә. С. Тарақов «Аударма әлемі» оқу құралында терминдерді
арнайы ұғымдарды дәл жеткізетін, ешқандай түсіндіруге келмейтін қалыпты, мағыналық
қолданысы шектеулі сөздер деп таниды. Аудармашы шетел терминологиясын да, аударыла-
тын тілде орынды пайдаланылатын баламалы ұлттық терминдерді де, ұлттық сөздік қорды
да жете білуі тиіс.
Қорыта айтқанда, техникалық оқу құралдарын аудару күрделі құбылыс болып табылады.
Терминдердің дұрыс қолданылуы және сәйкес баламалардың табылуы аударма үшін маңызды.
Аудармашы ақпаратты түсініп, оқырмандарға автордың ойын нақты жеткізе білумен қатар,
терминдерді, ұлттық сөздік қорды да жетік меңгеруі қажет.
112 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН
Достарыңызбен бөлісу: |