Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Ендірме: «Қошқар-Ата» радиоактивті ақырғы қалдық сақтау қоймасын қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет154/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   195
kazakhstanII.KAZ

8.3 Ендірме: «Қошқар-Ата» радиоактивті ақырғы қалдық сақтау қоймасын қалпына келтіру, 
Манғыстау облысы 
Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының маңында, Каспий теңізінен 8 шақырым жердегі Қошқар-Ата 
қоймасына 1965-ші жылдан бері Каспий тау-кен жəне металлургиялық комбинатынан улы жəне 
радиациялы қалдықтар əкелініп төгіліп келген. Жалпы активтілігі 11000 кюри құрайтын осы радиоактивті 
қалдықтар уран – 238, радий – 226 жəне торий - 230 табиғи серияларынан құралған. Қалдықтар желмен 
бірге жан-жаққа тарап кетпес үшін суға батырылып, көл күйінде сақталып келген. Алайда соңғы 15 жыл 
бойы қоймадағы су деңгейі төмендеп, соның кесірінен қоршаған ортаға тиетін зиян артып барады. Су 
деңгейінің төмендеуі салдарынан радиациялы жəне улы заттар кеуіп, олардың желмен тозаңдану қаупі 
бар. Су деңгейінің төмендеуіне зауыттағы өндіріс көлемінің қысқарып, қалдықтар қоймасына төгілетін 
сұйық заттар мөлшерінің төмендегені себеп болды. Қазір күн сайын қоймаға Ақтаудың тазалаудан өткен 
17-32 мың текше метр сарқынды сулары жəне 7 мың текше метр тазаланбаған үй қалдығының 
сұйықтықтары ағызылады. Осының арқасында қойманың батыс бөлігіндегі 5 шаршы шақырымдық аудан 
қайтадан сумен жабдықталған болатын. Алайда осы шаралар қойманы əрдайым толтыруға мүмкіндік 
бермейді. Түбінде радиоактивті қалдықтар жатқан ойпаттың 24 шаршы шақырымы əлі де болса құрғақ 
күйінде тұр. Радионуклидтер, ауыр металдар жəне тағы басқа химиялық заттар желмен бірге тарап кетіп, 
қоршаған орта мен қала тұрғындарының денсаулығына өте үлкен қауіп төндіреді. Қошқар Ата қоймасының 
маңындағы ауаның ластану жағдайы өте нашар: фтор жəне фосфат мөлшері ықтимал ең жоғары 
нормадан сəйкестігіне қарай 1,3 жəне 1,8 есе көп. Соның үстіне, қоймадағы қалдықтар жерасты суларына 
өтіп, Каспий теңізінің қоршаған ортасына орасан зор қауіп төндіре алады.
Ескі радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан қалпына келтіру мақсатында 2001-
2010ж.ж-ға арналған уран өндіруші кəсіпорындарды консервациялау жəне уран кеніштерін игеру 
зардаптарын жою жөніндегі бағдарламасы қабылданған болатын. Қошқар Ата қоймасы проблемасының 
маңыздылығын ескере отырып, Маңғыстау облысының əкімшілігі 2002-2004ж.ж. жергілікті бюджеттен 64,5 
миллион теңге (516 мың АҚШ доллары) бөлуді көздеп, бұл қаржыны 5 түрлі техникалық жоба арасында 
таратып берді. Жобалардың орындалуы 2006-шы жылы басталып, зақымданған аудан ең алдымен 
оқшауланған болатын. Содан кейін қойманың жан-жағындағы периметр бойынша орналасқан су 
ұңғымыларындағы жерасты сулардың сапасы тексеріліп, улы жəне радиоактивті заттардан бөлінетін шаң-
тозаң ахуалына мониторинг жүргізіле бастады. Қойманың сұйық бөлігіндегі ортасын тұрақтандыруға 
бағытталған бірқатар шаралар да қолға алынды. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, қатты жел соғу 
жағдайында ауадағы Pb-210 қорғасын изотопының концентрациясы фондық көрсеткіштен 15 есе көп. 
Никель, цинк, мыс, хром жəне вольфрам да қойманың маңындағы ауа құрамында табылған болатын. 
Маңайдағы Ақшұқыр, Баянды, Қызылтөбе елді-мекендерінде жəне Маңғыстау теміржол станциясының 
тұсынан алынған топырақтың құрамындағы ауыр эелменттердің концентрациясы өлшенді. Осы сияқты 
улы жəне радиоактивті заттардың аса сезімтал келетін Каспий теңізінің қоршаған ортасына түсіретін 
салмағы əлі де нақты анықталмағандықтан, қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Дерек көзі: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, 2007ж. 
 
Заң жүйесі 
2000-жылдан бері минералдық ресурстарды басқаруға қатысты заңнама айтарлықтай 
жетілдірілді. Минералдық ресурстар саласындағы мəселелерді реттейтін ең алғашқы заң 
актісіне 1996-шы жылы шыққан «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» заң 
жатады. Бұл заңға бірнеше рет өзгерістер жасалды. Соңғы өзгерістер 2007-ші жылдың қаңтар 
айында енгізілді.
Мұнай саласында жұмыс істейтіндер үшін ең маңызды құжат – ол «Мұнай туралы» заң. 2004-
ші жылы осы заң қоршаған ортаны қорғау мəселелеріне байланысты айтулы өзгерістерге 
ұшырады. Соның ішінде мұнай операциялары кезінде газды кəдеге жарату жəне жандыру 
туралы (30-35 баптарды қараңыз), Каспий теңізі қазақстандық секторының солтүстік 
бөлігіндегі мемлекеттік маңыздылығы бар қорғалған аймақтарда мұнай операцияларын 
жүргізуге қойылатын арнайы экологиялық талаптар (46-бөлім) туралы өзгерістер бар.
Экологиялық талаптар мына нысандар мен іс-əрекеттер үшін енгізілді: 
• 
Құбырлар арқылы тасымалдау; 


176
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
• 
Теңіз жағалауындағы сақтау қоймалары жəне жағалауға жақын орналасқан жер үсті 
мұнай кеніштері; 
• 
Кеме қатынасы; 
• 
Сақтау жəне жоюға дайындау; 
• 
Апатты жағдайлардың алдын алу жəне тазалау; 
• 
Каспий теңізі қазақстандық секторының солтүстік бөлігіндегі қорғалған аймақтарда
экологиялық мониторинг жүргізу. 
2007-ші жылы шыққан «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі» мен өзге де 
бірқатар экологиялық жəне қауіпсіздік заң актілерінің минералдық секторға тікелей қатысы 
бар (8.4 қосымшасын қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет