Дипломдық ЖҰмыс 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығы Алматы 2022



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата30.11.2022
өлшемі3.02 Mb.
#466088
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
БАК2022 Бердәулет Аққайың

Геодезиялық бөлім 
 
1.1 Геодезиялық жұмыстардың басты мақсаты 
 
Кез келген құрылыстарды жобалау және салу үшін геодезия жұмыстары 
қажет. Мысалы, автомобиль және темір жол, канал, гидротехникалық 
құрылыстар, көпірлер, аэродромдар, құбыр жүргізгенде, электр және байланыс 
сымдарын тартқанда; әртүрлі өнеркәсіп және байланыс сымдарын тартқанда; 
әртүрлі өнеркәсіп және азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды жобалау мен 
салғанда; пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру жұмыстарында, әртүрлі 
құрылыстарды, оның элементтерін салу және пайдалану кезінде пайда болатын 
қисаю, созылу, бұзылу деформацияларын анықтағанда инженерлік геодезия 
жұмыстары қолданылады. 
Жалпы айтқанда, инженерлік геодезия құрылысты ізденіс, жобалау, салу 
және пайдалануда орындалатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін 
қарастырады. 
Жол құрылысына байланысты әр кезеңіндегі геодезиялық жұмыстарға: 
1. Ізденіс кезеңінде ірі масштабты топографиялық материалдарды жасау, 
геодезиялық тірек торларын дамыту және құрылыстың басты осьтерін жерге 
шығару үшін арнайы жұмысты орындау. 
2. Жобалау кезеңінде жер беті (құрылыс салатын жерде) туралы және 
топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық объектілердің орналасу 
жайында деректер жинау, жол және оның құрылысының жобасын техника- 
экономикалық және пайдалану шартына сәйкес келтіріп жасау. 
3. Салу кезеңінде құрылыстың басты осьтерін және шекарасын жобаға 
сәйкестіріп жер бетінде анықтау, жер бетіндегі салынатын жолдың 
геометриялық пішіні мен көлемін қамтамасыз ету, салынып біткен құрылыстың 
жобадан тыс кетуін анықтау (атқару түсіріс жұмысы). 
4. Пайдалану кезеңінде жол объектілері мен құрылыстың беріктігін 
тексеру, құрылыстың әртүрлі бөліктері мен элементтерінің иілу, сығылу, 
тартылу деформациясын анықтау, құрылыстың бөлек элементтерінің тербелу 
және шөгуін тексеріп қарау жатады. 
Инженерлік геодезия жұмыстары құрылыстың барлық кезеңін қамтиды, 
яғни айтқанда ізденіс жұмыстарында құрылысты жобалау, жобаға байланысты 
құрылысты жерге шығару, құрылысты пайдалануға бергенде және пайдалану 
кезінде геодезиялық жұмыстарды қажет етеді. Сондықтан қазіргі жағдайда 
құрылыс инженерлерінен жан жақты геодезиялық дайындықты талап етеді: 
1. Карта және планмен жақсы жұмыс істеу және картаны оқуды білу. 
2. Жер бетіндегі түсіру жұмыстарының әдістерін қолдана білу. 
3. Аэрофототопография әдістерін меңгеру. 
4. Инженерлік құрылысты жобадан жер бетіне шығару жұмыстарын атқара 
білу керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет