өлшемдері жүргізіледі (3-сурет).
3 Cурет – Астана-40 бекеттері арасындағы зерттелген 1,5 км
теміржол телімі
Жоспар деп беттің көлденең проекциясы кішірейтілген және
сәйкестендірілген түрде кескінделген сызба аталады (4-сурет). Жоспарда
кескінделетін учаскенің көлемін жердің жалпы
қисықтығынан қателік жоспар
сызу дәлдігіне айтарлықтай әсер етпейтіндей қылып және дала өлшемдемелері
мен қағаз бетіне түсіру барысындағы шарасыз қателіктер нұсқаулықтарда
көрсетілген шектерден аспайтындай қылады. Жердің жалпы фигурасының
қисықтығын ескере отырып нақты математикалық
ережелерге сәйкес Жердің
беті түгелімен немесе оның кейбір бөлігі жалпыланған немесе кішірейтілген
түрде кескінделетін сызба карта деп аталады. Карталар мен жоспарларды алу
үшін
мекеннің
топографиялық
түсірмелері
жасалады:
теодолиттік,
тахеометрлік, мензулалық, сондай-ақ GPS қабылдағыштарын
қолдана отырып
орындалады.
Менің практика өткен мекеме - «ГеоТерр» ЖШС дала жұмыстарын
электронды тахеометрді қолданып та, GPS
қабылдағыштар көмегімен де
жүргізеді. Астана станциясы мен 40-ншы станция аралығындағы теміржол алабы
жер учаскесін кадастрлік есепке қою бойынша дала жұмыстары Trimble R3 GPS
қабылдағыштарын қолданып өткізілді [1].