Семья indd


Ойын да, оыту да баланы жасына сай болуы керек



Pdf көрінісі
бет12/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

Ойын да, оыту да баланы жасына сай болуы керек. 
Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын 
шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, 
бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы 
керек. Халқымыз өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын 
егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан 
сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала 
ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Ал ойын әр жасқа 
сай болуы қажет. Мектепалды даярлық тобында балаларға ойын 
арқылы сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. 
Тіпті уйде де берілген тапсырманы ата-ана төзімін танытып, 
баланы ойната отыра қызығушылығын арттыра алады.
Баланың жасына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, 
тапсырмаларды қолдану, заттарды бір-бірімен салыстыруға, 
оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге 
үйрету әр ата-ананың қолынан келеді. Заттармен ойналатын 
ойындар: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың жапырағы?» т.б. 
Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, лото, суреттерді 
қолдануға болады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа 
ұқсайды?», «Бір сөзбен ата»,«4-ші не артық?» т.б. Математикалық 
ойындар баланың қиялын қозғап, зейінін кеңейте түседі: «Он 
саусақ»,«Санамақ» Оның басты ерекшелігі баланың ойлау 
қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан 
үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.
Бір дегенім – білеу
Екі дегенім – егеу,
Үш дегенім – үкі,
Төрт дегенім – төсек, т.с.с
Ойындарды үнемі ойнау арқылы баланың ауызша есептеуге 
жаттығуына, логикалық ой- жүйесін жетілдіруге, түсінуге толық 
мүмкіншілік бар. Олар: «Қай қолымда?», «Қанша тұяқ?», 
«Неше жапырақ?» т.б.
Баланың ойлау қабілетін дамытуға «Ұйқасын тап» ойынының 
әсері мол. Баланың білсем деген ынтасы артып, қызығып, 
белсенділігі танылады:
1.Өзінше ноян,
Қорқақ кім? (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді...(шымшық)
3. Өңеші кең таңдайын,
Дәнге тосты...(комбайн)
4. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен...(кірпі)
Балаға жаңа атауды (жануарлар, құстар, өсімдіктер, табиғат) 
суреттерін көрсетпес бұрын, онымен ойыншық немесе өзін «тірідей» 
таныстырған жөн. Содан кейін ғана олардың дыбысын, атқаратын 
қызметін, қорегімен таныстырамыз. Егер игерген материалға тағы 
2-3 затты қосса бала қызығушылық танытпай, бас тартуы мүмкін. 
Өйткені оның зейін шоғырландыруы әлі әлсіз. Яғни, жеңілден 
біртіндеп барып күрделіге өтеміз.
Оыту затыы. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі кезеңде бала 
өзін тұлға ретінде сезіне бастаса, оған сол тұлға ретінде қарым-
қатынас жасау керек. Егер баланың естіп, көруіне, сезінуіне, байқап 
көруі мен емін-еркін қозғалуына барлық жағдайлар жасалса, ол 
барлығын түгел дерлік меңгере алады. Үш жасқа дейінгі балалар 
ойын ойнаудың өзінен тез жалығып кетеді. Өйткені зейінін ұзақ 
тұрақтандыра алмайды. Әр ойын 5-10 минуттан , кейде 15-20 минутқа 
дейін созылады. Егер баланың қызығушылығы төмендесе, келесі 
сабаққа қызығушылығын сақтау үшін ойынды бірден доғарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет