Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет126/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   200
Asyl-analar

 
 
разымыз», – деп Әбул-Асиді біраз мақтайды. Әбул-Аси: «Менде 
еш ақыларың қалмады ма?» – деп қайта сұрайды. Олар: 
«Ештеңеміз қалған жоқ», – дейді. Осыдан кейін барып Әбул-Аси: 
«Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән 
расулуллаһ (Аллаһтан өзге құдай жоқ екеніне куәлік беремін 
және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік беремін)» деп иман 
келтіреді де: «Мен бұл нәрсеге Мәдинада ниеттенген едім, бірақ 
жұрт мал-дүниесін қайтарып алу үшін иман келтірді деп ойлап 
қалмасын дедім», – дейді (Аллаһ оған разы болсын). Сосын ол 
Мәдинаға оралып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдына келіп
өзінің мұсылмандығын жариялап, Аллаһ елшісінен (с.а.с.) өзін 
Зәйнәбқа қайта қосуын сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбул-
Асиді қуана қарсы алып, оған Зәйнәбті қайтарып береді. Олар 
араға алты жыл салып барып қайта табысады. Алайда, өкінішке 
қарай, көп ұзамай Зәйнәб қарақшы Хаббардың соққысының 
салдарынан көп азап шегіп дүниеден өтеді. Осы өлімге тікелей 
себепкер болған Хаббар сол бойы таптырмай кеткен еді. 
Мекке мұсылмандардың қолына өткеннен кейінгі күндердің 
бірінде Мәдинада Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітте отырғанда
алып денелі бір кісі алдына келіп тізерлеп отырып: «Әшһәду ән лә 
иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән расулуллаһ», – деп 
иман келтіріп, Аллаһ елшісінен (с.а.с.) кешірім сұрай бастайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның Хаббар екенін білген соң, 
жүрегіндегі қызына деген махаббаты бой көтеріп, ескі жараның 
аузы тырналып: «Зәйнәбті өлтірген осы, Зәйнәбті өлтірген 
осы», – деп қайталап отырып қалады. Десе де, бұл орында таразы 
сезім емес, сенім еді. Ислам иман келтірген кісінің алдыңғы 
күнәларының бәрін жуады, тіпті ол Пайғамбардың қызын өлтірсе 
де. Сіздер адамзат тарихында патшаның қызын өлтірген біреуді 
патша 
үкіметінің 
кешіргенін 
естігенсіздер 
ме?! 
Ал 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хаббарды кешірген. Өйткені Исламның 
мақсаты – әсте кек қайтару, өш алу, әлдекімге зұлымдық істеу 
емес. Ислам – бейбітшілік пен кешірімшілдіктің рәмізі! Аллаһ 


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет